Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

⚜️КҮЗГІ КАНИКУЛ УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ⚜️

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жоғары оқушыларына арналған “Цифрлық дәуірдегі кітаптың орны” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Танымдық шарада кітап оқудың маңызы мен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері талқыланды. Оқушылар интерактивті тапсырмалар орындап, пікір алмасып, кітап пен электронды ақпараттың артықшылықтарын салыстырды.

Технология дамыған заманда да кітаптың орны ерекше. Кітап оқуға құштар ұрпақ — білімді ұрпақ! ✨

Өткізген: Еркинова Д.Е./сынып жетекші/

Instagram 

 

🌙 ТҮНГІ КЕЗЕКШІЛІК – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде күзгі каникул кезінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Еріктілер” тобының мүшелерінің қатысуымен түнгі кезекшілік ұйымдастырылды.

Кезекшілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен жастардың көп жиналуы мүмкін аумақтар назарға алынып, профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың бос уақытын қауіпсіз өткізуіне ықпал ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Мұндай профилактикалық шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық тәрбие жұмыстарын нығайтуға бағытталған.

✅ Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

⚜️МАМАНМЕН СҰХБАТ-ЖҰМЫСТАҒЫ БІР КҮН⚜️

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында және Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10-11 сыныптың оқушылары ауылдық дәрігерлік амбулатория,спорт кешені мен балабақшаға барып, медицина қызметкерлері және музыка жетекшісінің мамандықтарымен танысты.

Ауылдық амбулатория мен спорт кешенінде оқушылар медицина қызметкерінің күнделікті жұмысымен танысып, адам денсаулығын сақтаудағы жауапкершілігі мен еңбегінің маңызын білді.

Ал балабақшада музыка жетекшісінің шығармашылық жұмысын бақылап, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырудағы рөлі туралы мағлұмат алды.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың мамандықтар әлемі туралы танымын кеңейту, түрлі кәсіп иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және болашақ мамандықтарын саналы таңдауға бағыт беру,сонымен қатар күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру.

Бұл кездесу оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі мен қоғамдағы маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Өткізген: А.Т.Утебасова

Instagram  

РЕСПУБЛИКАМ-МАҚТАНЫШЫМ!⚜️            25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Республикам – мақтанышым!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.            Мерекелік кеш барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеген әсем әндер шырқап, ұлттық нақыштағы рухты билерін ұсынып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Көрермендер көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсерге бөленді.            Іс-шара барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары                     Қ.Ж. Көбенова барша қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығына тоқталды.            Сондай-ақ, мектеп директорының атынан білім беру саласындағы адал еңбегі мен мектеп өміріне қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздар мен кіші қызметкерлер Алғыс хатпен және 5 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.            Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелейді.

Жауапты: тәрбие саласының мамандары

https://www.instagram.com/reel/De4AbgVNklm/?mdxt=a25iZGU3djJhZWxv

 

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»