«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
⚜Батыр Бауыржан – ерлік пен парасат иесі⚜
Жаңажол ЖББОМ мектеп кітапханашысының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 6-сынып оқушыларына Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Батыр Бауыржан – ерлік пен парасат иесі» атты танымдық сағат өткізілді.
Тәрбиелік шара интеллектуалдық ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушылар батырдың өмір жолы, ерлікке толы тағдыры және ұлағатты сөздерімен танысты. Әр топ батыр тұлғасын тереңірек тану мақсатында постерлер дайындап, өз жұмыстарын қорғап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында оқушылар елін сүйген ердің бейнесін жүрекпен сезініп, оның батылдығы мен парасаттылығын үлгі тұтты. Танымдық сағат жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, әсерлі ойларымен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DU7lT0SDf9W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова, З.С.Кубаева / мектеп кітапханашылары/
⚜ҮЗІЛІС СӘТІН КІТАП ОҚУМЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАН⚜
Жаңажол ЖББОМ-де оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуіне ерекше көңіл бөлініп, осы бағытта танымдық іс-шара өткізілді.
Үзіліс кезінде кітап оқуды насихаттау арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту мақсат етілді.
Кітап — рухани байлықтың қайнар көзі. Әрбір үзілісті тиімді пайдаланып, кітаппен дос болуға шақырамыз!
Оқы, ойлан, дамы!
https://www.instagram.com/reel/DW0Pt7oDHVp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова/ мектеп кітапханашысы/
⚜ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ⚜
Жаңажол ЖББОМ-де «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2–10 сынып оқушылары арасында «Жыл оқырманы» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және үздік оқырмандарды анықтау.
Байқау екі кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде жыл бойы ең көп кітап оқыған оқушылар анықталды. Бұл кезең бойынша әр сынып өздерінің үздік оқырмандарын ұсынды. Нәтижесінде 13 кітап оқыған Марат Батыр «Жыл оқырманы» атағына ие болса, 5 кітап оқыған Талғат Перизат кітап оқуға деген құштарлығы үшін марапатталды.
Екінші кезеңде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сахналық қойылымдар көрсетілді. Осы кезең аясында түрлі номинациялар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Ең үздік ертегі кейіпкері», орта буын сыныптар арасында «Ең үздік шығарма кейіпкері» ал жоғары сынып оқушылары “Ең үздік тұлға” номинациялары бойынша бақ сынасты.
Байқау оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық белсенділіктерін дамытуға зор ықпал етті. Байқау нәтижесінде үздіктер анықталып,ақшалай сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.
https://www.instagram.com/reel/DUmqgjYDF2o/?igsh=cGxraHE3b3NkbXZn
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»







