«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
⚜️ҚЫРАН ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАН⚜
⚜️ҚЫРАН ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАН⚜️
23 қазан күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 25 Қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты салтанатты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
Шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, оқушылардың өнеріне ұласқан патриоттық әндер мен би қойылымдары көпшілік көңілінен шықты. Мектеп директоры Ж.Т.Курантаева құттықтау сөз сөйлеп, мектептің дамуына үлес қосып жүрген ардақты ұстаздар мен мектептің кіші қызметкерлеріне Алғыс хат пен 5 мың теңгелік сертификат табыстады. Бұл игі дәстүр – ұжым еңбегін бағалаудың және ынталандырудың айқын көрінісі болды.
Мерекелік жиында округ әкімі Бокашев Мирамбек Маратұлы сөз алып, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл көркеюіне елеулі үлес қосқан, 1988 жылы туған ауыл азаматтарына арнайы алғысын білдірді.
Кеш барысында оқушылар тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді айшықтайтын өлең-жыр оқыды. Ұжым мен мекемелерден келген қонақтар үшін бұл мереке рухты көтеріп, елдік бірліктің қадірін сезіндірген тағылымды шара болды.
Республика күні – тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, елдігіміздің айқын белгісі. Осындай мерекелік шаралар жас ұрпақтың бойына патриоттық рух, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатады.
https://www.instagram.com/p/DQMLadpjdOl/?hl=ru
Жауапты: Тәрбие саласының мамандары
STOP GAME: АҚЫЛДЫ ТАҢДАУ АЛАҢЫ
STOP GAME: АҚЫЛДЫ ТАҢДАУ АЛАҢЫ
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–10 сынып оқушылары арасында “StopGame: Ақылды таңдау алаңы” тақырыбында лудомания мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған тимбилдинг ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, құмар ойындардың зиянын түсіндіру, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын үйрету және саналы шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Оқушылар 8 тур бойынша өзара жарысып, логикалық тапсырмалар орындады, жағдаяттық сұрақтарға жауап берді және командалық бірліктерін көрсетті. Әр кезеңде лудоманияның қауіптілігі, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерден қорғану тәсілдері кеңінен талқыланды.
Нәтижесінде 10-сынып оқушыларынан құралған “ENERGY BOOST” командасы І орын, 8-сынып оқушыларынан құралған “ALPHA STRATEGY” командасы ІІ орын, 9-сынып оқушыларынан құралған “DRIVE ZONE” командасы ІІІ орын иеленді.
Көңілді әрі мазмұнды өткен ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Нәтижесінде оқушылар “ақылды таңдау” жасау – болашаққа жасалған сенімді қадам екенін түсінді.
Жауапты: Г.Бидағұлова, А.Әшібай, А.Ғайниденова
https://www.instagram.com/p/DVJHR7UDLJZ/
«Мамандықтар марафоны»
«Мамандықтар марафоны»
Еңбегі адал жас өрен жобасының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған мамандықтар марафоны аясында ауылымыздағы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген ең үздік мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.
Бұл шараның басты мақсаты – түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеу, жас ұрпаққа мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбекқорлық пен кәсібиліктің маңызын насихаттау.
Марафон барысында дәрігер, әкімшілік қызметкері, спорт жаттықтырушы, тәрбиеші және басқа да сала өкілдерінің қоғамға қосқан үлесі атап өтіліп, олардың жетістіктері үлгі ретінде көрсетілді. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың еңбекке деген құрметі артып, болашақ маман иелері қалыптасатынына сенім мол.
https://www.instagram.com/reel/DUXO1ucjGXe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
“Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғаның алдын алу”
“Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғаның алдын алу” (Нашақорлық, вейп, есірткі бизнесінің алдын алу) жаднама таратылды
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғаның алдын алу” (Нашақорлық, вейп, есірткі бизнесінің алдын алу) мақсатында 8-11 сыныптарға жадынама таратылды.
Мақсаты:
– Жасөспірімдер арасында нашақорлық, вейп және есірткі бизнесінің зияны туралы түсінік қалыптастыру;
– Оқушылардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға ықпал ету;
– Салауатты өмір салтын насихаттау;
– Жасөспірімдерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсету.
Жадынама тарату барысында оқушыларға есірткі мен вейптің денсаулыққа зияны, құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, салауатты өмір сүрудің маңыздылығы түсіндірілді.
Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
https://www.instagram.com/reel/DSB1NKaDHcH/?igsh=Zm5qemE4cjMzaTg4

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»








