Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

АНЫҚТАМА

Мектеп асханасының жұмысын бақылау мақсатында ата-аналардан құралған бракераж комиссиясының жұмысы туралы

Мектеп асханасында оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету, ұсынылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында ата-аналардан құралған бракераж комиссиясы құрылды.

Комиссия мүшелері  мектеп асханасына барып, асхананың санитарлық жағдайымен, тамақ дайындау және тарату тәртібімен, оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасымен танысты. Сонымен қатар дайын тағамдардың сыртқы көрінісіне, иісіне, берілу температурасына, ас мәзірінің сәйкестігіне және асхананың тазалығына назар аударылды.

Тексеру барысында асхана қызметкерлеріне оқушыларға сапалы әрі қауіпсіз тамақ ұсыну, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.

Ата-аналардан құралған бракераж комиссиясының жұмысы мектеп асханасындағы тамақтану сапасын бақылауға, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға және оқушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Қорытынды: Мектеп асханасының жұмысын тұрақты бақылауда ұстау, тамақтану сапасына қатысты ата-аналардың ұсыныстарын ескеру және санитарлық талаптардың сақталуын жүйелі түрде қадағалау ұсынылады.

 
   

Әлеуметтік педагог: Н.Е.Утеулина

 

АНЫҚТАМА

«Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі

2026 жылғы 15 қазанда мектепте 1–4 сынып оқушылары арасында «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық және қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру, игі істер жасауға баулу, сондай-ақ қоғамға пайдалы іс атқарудың маңызын түсіндіру.

Жәрмеңкеге 1–4 сынып оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Жәрмеңке барысында үй жағдайында дайындалған түрлі тағамдар сатылымға шығарылды. Іс-шара оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, қайырымдылық жасауға деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша сыныптардан төмендегідей қаражат жиналды:

№

Сынып

Жиналған қаражат

1

1 «А» сыныбы

11 340 теңге

2

1 «Ә» сыныбы

23 000 теңге

3

2 «Ә» сыныбы

10 425 теңге

4

2 «А» сыныбы

21 060 теңге

5

3-сынып

26 500 теңге

6

4-сынып

13 600 теңге

 

Жалпы сомасы

105 925 теңге

Жәрмеңкеден түскен 105 925 (жүз бес мың тоғыз жүз жиырма бес) теңге көлеміндегі қаражат қайырымдылық қорына аударылды.

Қорытындылай келе, «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі белгіленген мақсатқа сай өткізілді. Іс-шара оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа және қайырымдылық жасауға тәрбиелеуге бағытталды.

Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

2026–2027 оқу жылында «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де бастауыш сынып оқушыларының мектеп асханасында тамақтануы ұйымдастырылған.

Оқушылардың уақытылы ыстық тамақпен қамтылуы, асханадағы тәртіп пен тазалықтың сақталуы бақылауда ұсталады. Бастауыш сынып оқушылары асханаға сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен саппен келіп, тамақтану кезінде жеке гигиена талаптарын сақтайды.

Сонымен қатар, оқушылардың қолдарын жууы, асханадағы кезекшілік тәртібін сақтауы және тамақтану мәдениетін ұстануы қадағаланады. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың тамақпен қамтылу мәселелері назарға алынып, ваучер алу бойынша туындаған мәселелерді шешу бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Қорытынды: Бастауыш сынып оқушыларының мектеп асханасында дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету, тазалық пен тәртіпті сақтау және салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Әлеуметтік педагог;Утеулина Н.Е.

«Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру»

     Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде білім алушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында мектеп асханасы тұрақты түрде жұмыс істейді. Асхананы жалға алушы — жеке кәсіпкер ИП Изтлеуова, ол Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес қызмет көрсетеді.

Мектеп асханасында 1–4 сыныптар аралығында оқитын 83 оқушы күнделікті тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 5–11 сыныптар аралығындағы жекелеген санатқа жататын 1 оқушы да ыстық тамақпен қамтылған. Тамақтану мектеп әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

Оқушыларға ұсынылатын ас мәзірі жас ерекшеліктеріне, тағамның құнарлылығы мен теңгерімділігіне сай құрастырылған. Тағам дайындау барысында сапалы өнімдер пайдаланылып, сақтау және дайындау талаптары қатаң сақталады. Асхана қызметкерлері санитарлық нормаларға сай арнайы киіммен жұмыс атқарады.

Мектеп асханасындағы тағам сапасын бақылау мақсатында бракеажды комиссия құрылған. Комиссия құрамына мектеп әкімшілігінің өкілдері, медицина қызметкері және жауапты мұғалімдер кіреді. Комиссия ай сайын жоспарлы түрде тексеріс жүргізіп, дайын тағамдардың сапасын, ас мәзірінің сәйкестігін, санитарлық жағдайды және құжаттамалардың жүргізілуін қадағалайды. Тексеріс нәтижелері арнайы журналға тіркеліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Осылайша, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде оқушыларды тамақтандыру жүйесі тұрақты бақылауда болып, балалардың денсаулығын нығайтуға және дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

WhatsApp_Image_2024-11-03_at_00.11.35.jpeg - 49.36 kB

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»