«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
⚜️МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ОТЫРЫСЫ⚜️
2025 жылғы 7 қараша күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының кезекті отырысы өткізілді. Отырыстың негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасындағы тәртіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепішілік тәрбие мен оқушылар белсенділігін арттыру мәселелерін талқылау болды.
Отырысты аға тәлімгер ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде:
1. Тренинг.
2. «Құқықбұзуылық – қоғам дерті» тақырыбында талқылау.
3. «Жаңа жобалар» бөлімі – қараша, желтоқсан айындағы жоспарлар.
4. Ұсыныстар мен пікірлер.
5. Қорытынды сөз.
Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы бейнеролик көрсетіліп, тақырып талданды. Құқықбұзушылық турасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Парламент мүшелері өз сыныптарындағы тәртіп жағдайы туралы ақпарат беріп, ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды. Әсіресе үзіліс уақытындағы қауіпсіздік, оқушылардың мектеп формасын сақтау, әлеуметтік желілердегі әдептілік мәдениеті тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, алдағы жоспарлар талқыланып, ұсыныстар ортаға салынды.
Қорытындысында қатысушылар алдағы уақытта оқушылардың жауапкершілігін арттыру, үлгілі тәртіпті қалыптастыру, мектеп өміріне белсенді араласу бағытында нақты шешімдер қабылдады.
https://www.instagram.com/p/DQ3PfKfDGml/?hl=ru
Жауапты: Г.Бидағұлова \аға тәлімгер\
⚜️МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ⚜️
2025 жылдың 23 қазан күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Республика күніне орай “Қыран елім – Қазақстан” атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Шара аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен оқушылар белсене атсалысып, елдік пен бірлікті ұлықтайтын патриоттық көріністер, әндер мен қойылымдар ұсынылды.
Салтанатты жиын барысында “Мектеп президенті” сайлауында 92 дауыс жинап, жеңіске жеткен 10-класс оқушысы Сағынтаев Исламды ұлықтау рәсімі өткізілді. Ол өзіне артылған сенімді сезіне отырып, мектеп ұжымы алдында ант қабылдады. Бұл — оның оқушылар мүддесін қорғауға, мектеп өміріне белсене араласуға және тәртіп пен ұйымшылдыққа үлгі болуға дайын екендігін білдірді.
Сонымен қатар, екі жыл бойы мектеп президенті қызметін жауапкершілікпен атқарған 11-класс оқушысы Алиева Еркетай өз қызметін ресми түрде жаңа президентке салтанатты түрде табыстады. Ол алғы сөзінде мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, Исламға сәттілік тіледі.
Шара соңында мектеп парламенті мүшелеріне арнайы галстук пен бейджиктер тағылып, олардың жаңа кезеңдегі жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл — жас көшбасшылардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырып, мектептегі демократиялық қағидаларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
https://www.instagram.com/p/DQWI5HhjSC6/?hl=ru
Жауапты: Г.Бидағұлова \тәлімгер\
⚜️МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫ⚜️
2025 жылдың қазан айында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде дәстүрлі *Мектеп президентін сайлау* науқаны ұйымдастырылды. Бұл іс-шара мектептің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттыру, азаматтық белсенділігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Сайлауға 9–10-сынып оқушылары арасынан 5 үміткер өз кандидатураларын ұсынды. Олар – білім деңгейі жоғары, мектеп өміріне белсене араласып жүрген, үлгілі тәртібімен танылған оқушылар. Әр үміткер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз бағдарламаларын таныстырды. Бағдарламада мектептегі тәртіпті нығайту, іс-шараларды ұйымдастыру, оқушылардың ұсыныс-пікірін жеткізу, оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ мектепішілік достық қарым-қатынасты нығайту сынды бағыттар қамтылды.
Сайлау күні мектептің барлық ұжымы – мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, сондай-ақ 1-11 сынып оқушылары сайлауға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру ашық әрі әділ жүргізілді. Арнайы дауыс беру жәшігі қойылып, әрбір сайлаушы жеке-жеке дауыс берді. Сайлау нәтижесі арнайы комиссия тарапынан әділ саналып, хаттама толтырылды.
Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған *10-сынып оқушысы Сағынтаев Ислам* жеңіске жетіп, мектеп президенті атанды. Ислам — тәртібі мен білім деңгейі жоғары, мектеп ішілік және аудандық іс-шараларға белсене қатысатын, көшбасшылық қабілетімен көзге түскен оқушы.
Сайлау — оқушыларға үлкен өмірге дайындықтың бір сатысы. Бұл шара арқылы балалардың өзіндік көзқарасы, таңдауы, жауапкершілігі қалыптасып, шынайы өмірлік тәжірибе жинақтайды. Жаңа мектеп президентіне алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
Жауапты: Г.Бидағұлова/тәлімгер/
https://www.instagram.com/p/DQBhh4bjFT2/?hl=ru
\\
⚜️МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ БІР КҮНІ⚜️
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 28 қараша күні “Мектеп парламентінің бір күні” атты бейнеролик түсірілді.
Аталған бейнероликтің негізгі мақсаты — мектеп парламентінің күнделікті қызметін жан-жақты көрсету, оның қоғамдағы рөлін айқындау, сондай-ақ оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру болды.
Түсірілім барысында парламент мүшелерінің жұмыс барысы толық қамтылды. Атап айтқанда, олардың жиналыс өткізуі, мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруы, түрлі бағыттағы (білім, тәрбие, мәдениет, спорт, ақпарат) жұмыстарға белсенді қатысуы, оқушылармен және ұстаздармен тығыз байланыс орнатуы көрініс тапты. Сонымен қатар, әр фракцияның атқаратын қызметі мен жауапкершілік аясы нақты көрсетілді.
Бейнероликте оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеті, бастамашылдығы мен жауапкершілігі айқын байқалып, олардың мектеп өміріне қосып отырған үлесі кеңінен насихатталды. Бұл жоба арқылы оқушылар өзін-өзі басқару ұйымының маңызын тереңірек түсініп, белсенділікке, көшбасшылыққа, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиеленді.
Сонымен қатар, бейнеролик мектептің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланып, оқушылар мен ата-аналар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Бұл өз кезегінде мектеп парламентінің беделін арттырып, басқа оқушыларды да қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға ынталандырды.
Қорытындылай келе, “Мектеп парламентінің бір күні” атты бейнеролик – оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін насихаттауға бағытталған маңызды әрі нәтижелі жобалардың бірі болып табылады.
Жауапты: Г.Бидағұлова /тәлімгер/
https://www.instagram.com/p/DR1vgFVjRpy/?hl=ru
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»








