«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
«ЖЫЛЫ СӨЗДЕР» БҰРЫШЫ
Мектеп дәлізінде «Жылы сөздер» бұрышы ұйымдастырылды. Бұл бұрыштың басты мақсаты – мектеп ұжымының арасында мейірімділік, сыйластық және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру. Аталған бұрыш арқылы оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне деген ізгі тілектерін, алғыстарын және жылы лебіздерін білдіруге мүмкіндік алды.
«Жылы сөздер» бұрышында арнайы қорапшалар ілініп, түрлі түсті қағаздар орналастырды, әр адам өз достарына, сыныптастарына, ұстаздарына немесе әріптестеріне жүректен шыққан жылы сөздерін жазып қалдырды. Мұндай әрекет мектеп ішінде достық қарым-қатынасты нығайтып, әр адамның көңіл-күйін көтеруге, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Сонымен қатар, бұл бұрыш оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке және адамгершілікке баулудың бір жолы болып табылады. Әр жазылған жылы сөз – адамға қуаныш сыйлайтын, оның өзіне деген сенімін арттыратын кішкентай ғана жақсылық. Осындай бастамалар арқылы мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы арта түседі.
Сондықтан «Жылы сөздер» бұрышы – мектеп өміріндегі тәрбиелік мәні зор, адамдарды жақындастыратын, жүректерге жылу сыйлайтын игі бастама болып табылады.
«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ!»
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды.
Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Осы мақсатта 9- сынып оқушыларымен «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында "МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ!" тақырыбында шара өткізілді. Оқушылар өзі қалайтын, болашақта өзі сүйіп айналысатын мамандық иелерін таңдап, болашақ мамандықтарының суреттері мен сөздерін коллаж түрінде қағаз бетіне орналастырды.
Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог
https://www.instagram.com/reel/DVGgN_6jTaK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«БРАКЕРАЖДЫ КОМИССИЯ»
2025 жылғы 21 қазан күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп асханасына бракеражды комиссия жоспарлы тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, тағамдардың сақталу мерзімі және асхана қызметкерлерінің жұмыс тәртібі қаралды.
Комиссия құрамында мектеп әкімшілігі, медицина қызметкері және қамқоршылық кеңес мүшесі және ата-аналар комитетінің өкілі болды.
Тексеріс нәтижесінде:
Тағамдар уақтылы әзірленген және талапқа сай;
Санитарлық талаптар сақталған;
Өнімдердің сақтау мерзімі жарамды;
Асхана қызметкерлері арнайы киіммен қамтамасыз етілген және жеке бас тазалығын сақтауда.
Қорытынды: Мектеп асханасындағы жағдай қанағаттанарлық деп танылды.
https://www.instagram.com/reel/DQGdp58DCc0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты:А.Ғайниденова /әлеуметтік-педагог/
Ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Мақсаты:
- Ата-аналарға білім беру үдерісіндегі өзгерістер туралы ақпарат беру;
• Оқушылардың оқу жетістіктері мен тәртібі жөнінде түсіндіру;
• Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту;
• Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жолдарын түсіндіру;
• Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Барысы:
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде ата-аналарға арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және білім сапасы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау, сабаққа жауапкершілікпен қарауын қадағалау және үй жағдайында қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.
Іс-шара барысында балалардың психологиялық көңіл-күйіне назар аудару, емтихан кезеңінде қолдау көрсету, интернет қауіпсіздігі және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында кеңестер берілді.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттармен танысты. Сонымен қатар ата-аналарға арнайы жадынамалар таратылып, бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысының маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында ата-аналар мектеппен тұрақты байланыс орнатудың бала тәрбиесі мен білім алуындағы маңызы туралы пікір алмасты.
Қорытынды:
Түсіндірме жұмыстары барысында ата-аналар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде ата-аналар мектеппен ынтымақтастықты нығайтудың маңызын түсініп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»








