«ЖЫЛЫ СӨЗДЕР» БҰРЫШЫ
Мектеп дәлізінде «Жылы сөздер» бұрышы ұйымдастырылды. Бұл бұрыштың басты мақсаты – мектеп ұжымының арасында мейірімділік, сыйластық және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру. Аталған бұрыш арқылы оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне деген ізгі тілектерін, алғыстарын және жылы лебіздерін білдіруге мүмкіндік алды.
«Жылы сөздер» бұрышында арнайы қорапшалар ілініп, түрлі түсті қағаздар орналастырды, әр адам өз достарына, сыныптастарына, ұстаздарына немесе әріптестеріне жүректен шыққан жылы сөздерін жазып қалдырды. Мұндай әрекет мектеп ішінде достық қарым-қатынасты нығайтып, әр адамның көңіл-күйін көтеруге, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Сонымен қатар, бұл бұрыш оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке және адамгершілікке баулудың бір жолы болып табылады. Әр жазылған жылы сөз – адамға қуаныш сыйлайтын, оның өзіне деген сенімін арттыратын кішкентай ғана жақсылық. Осындай бастамалар арқылы мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы арта түседі.
Сондықтан «Жылы сөздер» бұрышы – мектеп өміріндегі тәрбиелік мәні зор, адамдарды жақындастыратын, жүректерге жылу сыйлайтын игі бастама болып табылады.




