12 Сәу 2022
Страницы KZ Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Мектеп туралы

Әрбір мектептің өзіне тән тарихы, қызықты шежіресі бар. Оның құрылуы, орнығып өсуі, есеюі өз аймағындағы экономикалық мәдениеттің даму процесімен тікелей байланысты, яғни мектеп өмірі еліміздегі қоғамдық – әлеуметтік өзгерістердің айғагы. Қай мектеп болмасын, өз өрендерінің сусынын білім бұлағынан қандырып қана қоймай, өмірге баулып, өр мінезді өжет жандар тәрбиелеп шығарады. Туған елдің асыл қазынасы – Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі де талай- талай адамдарға тәлім – тәрбие берген мәдени орын, асыл мұралар мекені, ел келбеті. Жалпы айтқанда,  мектеп тарихы –  ел тарихы, өткен мен болашақты жалғастырушы. Мектеп – халықтың рухани бесігі, ал, мектеп тарихы – гүлдену жолының қалыптасуы.

 

Ұстаздарға ұстаз болған 65 жылдық тарихы бар «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің іргетасы 1954 жылы қаланған. Осы білім ордасынан білім алған түлектер бүгінде Республикамыздың түпкір – түпкірінде жүріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Алғашқы білім бастауы 1954 жылы Саркырама елді мекенінде оқушылар мен мұғалімдердің күшімен салынған, таза қазақ тілінде оқытатын, жетіжылдық мектеп болып жер төледе ашылды. Дәл осы сәттен білім ордасының тарихы басталады… Тарихта  1954  жылдан бастап  тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталғаны белгілі. Үкімет мектептер, балабақшалар санын көбейте бастағанымен, қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды және қазақ тілінің қолдану аясы тарылды.

Тарихта 1962 жылдан бастап барлық жетіжылдық мектептер сегізжылдық мектептеріне, содан кейін бірте-бірте онжылдық мектептеріне айнала бастады..

 

Тарих беттерінен: 1954-1962  жылдары- Жаңажол жетіжылдық мектебі

1962-1974 жылдары – Жаңажол сегізжылдық мектебі

1974 -2018 жылдары – «Жаңажол орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

2018 жылдан бастап «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар