«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына арналған Qolday телеграм боты бойынша кеңейтілген түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға боттың негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, Qolday телеграм боты әлеуметтік педагог пен оқушы арасындағы байланысты нығайтуға, оқушылардың өздерін алаңдататын мәселелер бойынша дер кезінде көмек алуына жағдай жасауға бағытталғаны түсіндірілді.
Сонымен қатар, бот арқылы оқушылар буллинг, психологиялық қысым, әлеуметтік қиын жағдайлар сияқты мәселелер туралы анонимді түрде хабарлай алатыны айтылды. Бұл өз кезегінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және қолайсыз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға ботты қолдану жолдары көрсетіліп, сұрақтарына толық жауап берілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнату, психологиялық қолдау көрсету және мектептегі жағымды әлеуметтік ортаны қалыптастыру болып табылады.
Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
«Қайырымдылық әрбір адамның азаматтық парызы». Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс- шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Жанашыр Жүрек» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы бастау алды. Осы акция барысында хабарландыру жасалды.
Акцияның мақсаты — мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық мәдениетін дамыту.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну әрбір азаматтың адами парызы деп білемін. Акция төңірегінде «Жаңажол ЖББОМ» ұжымы қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды. Жиналған қаражат Ембі қаласының тұрғыны Досанова Асел Боранбайқызының еміне аударылды.
https://www.instagram.com/p/DP1H78lDMnu/?igsh=MWFobGR4c2dmMHc2Yw==
Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
Іс-шара атауы: «Үзіліс уақытында көтеріңкі көңіл күй» көңілді ойын
Өткізілген орны: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
Қатысушылар: мектеп оқушылары
Өткізілген күні: 17.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы
Мақсаты:
– Оқушылардың көңіл күйін көтеру;
– Үзіліс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге үйрету;
– Бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
– Шаршауды азайтып, келесі сабаққа жағымды көңіл күймен кіруіне ықпал ету.
Өткізілу барысы:
Іс-шара барысында үзіліс уақытында оқушылармен көңілді ойындар ұйымдастырылды. Ойындар оқушылардың белсенділігін арттырып, еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берді. Қатысушылар бір-бірімен араласып, жағымды эмоциялармен бөлісті.
Қорытынды:
Нәтижесінде оқушылардың көңіл күйі көтеріліп, шаршағандықтары азайды. Сабаққа деген ынталары артып, келесі сабақтарға жағымды көңіл күймен кірді.
Ұсыныстар:
– Үзіліс уақытында осындай сергіту ойындарын тұрақты түрде өткізу;
– Оқушылардың психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру.
https://www.instagram.com/reel/DXf0lIpjBt6/?igsh=MTN4YWFxNXJueTBlNw
Өткізген: А.Н.Бримбетова /мектеп психологы/
Іс-шара атауы: «Күйзелістен қалай арыламыз?» және «Тілектер ұшағы» психологиялық тренингтері
Қатысушылар: 11-сынып оқушылары
Өткізілген күні: 21.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы
Мақсаты:
– Оқушыларға күйзеліс ұғымы туралы түсінік беру;
– Күйзелісті жеңудің тиімді жолдарын үйрету;
– Эмоционалдық көңіл-күйді көтеру;
– Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу.
Өткізілу барысы:
Тренинг барысында оқушылармен жылы жүзбен амандасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығулары жүргізілді.
«Күйзелістен қалай арыламыз?» тақырыбында оқушылармен түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, күйзелісті жеңудің жолдары талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
«Тілектер ұшағы» тренингі ерекше әсерлі өтті. Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, оған сыныптастарына арнап жүрекжарды тілектерін жазды. Кейін ұшақтарды бір-біріне ұшырып, әр оқушы өзіне келген тілекті оқыды. Сонымен қатар, әр оқушы арнайы қызыл кілемше арқылы өтіп, сыныптастарының жылы лебізі мен қолдауына ие болды. Бұл кезең оқушыларға ерекше қуаныш сыйлап, өзара сенімділікті арттырды.
Қорытынды:
Тренинг нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісті басқару туралы түсініктері кеңейді. Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнап, бір-біріне деген сенім мен қолдау деңгейі артты.
Ұсыныстар:
– Психологиялық тренингтерді жүйелі түрде өткізу;
– Оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақты бақылау;
– Қарым-қатынас пен өзара қолдауды дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру.
https://www.instagram.com/reel/DXbSbicE536/?igsh=enBkazZ1ZXBta2Jo
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»








