«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Іс-шара атауы: «Күйзелістен қалай арыламыз?» және «Тілектер ұшағы» психологиялық тренингтері
Қатысушылар: 11-сынып оқушылары
Өткізілген күні: 21.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы
Мақсаты:
– Оқушыларға күйзеліс ұғымы туралы түсінік беру;
– Күйзелісті жеңудің тиімді жолдарын үйрету;
– Эмоционалдық көңіл-күйді көтеру;
– Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу.
Өткізілу барысы:
Тренинг барысында оқушылармен жылы жүзбен амандасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығулары жүргізілді.
«Күйзелістен қалай арыламыз?» тақырыбында оқушылармен түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, күйзелісті жеңудің жолдары талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
«Тілектер ұшағы» тренингі ерекше әсерлі өтті. Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, оған сыныптастарына арнап жүрекжарды тілектерін жазды. Кейін ұшақтарды бір-біріне ұшырып, әр оқушы өзіне келген тілекті оқыды. Сонымен қатар, әр оқушы арнайы қызыл кілемше арқылы өтіп, сыныптастарының жылы лебізі мен қолдауына ие болды. Бұл кезең оқушыларға ерекше қуаныш сыйлап, өзара сенімділікті арттырды.
Қорытынды:
Тренинг нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісті басқару туралы түсініктері кеңейді. Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнап, бір-біріне деген сенім мен қолдау деңгейі артты.
Ұсыныстар:
– Психологиялық тренингтерді жүйелі түрде өткізу;
– Оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақты бақылау;
– Қарым-қатынас пен өзара қолдауды дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру.
https://www.instagram.com/reel/DXbSbicE536/?igsh=enBkazZ1ZXBta2Jo
Іс-шара атауы: «Бір қолмен – үлкен нәтиже!» психологиялық тренинг
Өткізілген күні: 14.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы
Мақсаты:
– Ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықты нығайту;
– Қатысушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру;
– Топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
– Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Өткізілу барысы:
Тренинг барысында қатысушылар жұптарға бөлінді. Әр жұпқа арнайы суреттер ұсынылды. Тапсырма шарты бойынша жұптағы бір қатысушы суретті тек бір қолмен қиып шығуы тиіс болды, ал екінші қатысушы қағазды ұстап тұрып, бағыт беріп, көмектесіп отырды.
Жаттығу басында кейбір жұптарда қиындықтар байқалды. Қию барысында ыңғайсыздық туындап, әрекеттерді үйлестіру оңай болмады. Дегенмен, қатысушылар бір-бірімен ақылдасып, сөйлесу арқылы өзара түсіністікке келіп, жұмысты біртіндеп жүйелей бастады. Бір қатысушы қиюды мұқият орындаса, екіншісі қағазды дұрыс ұстап, қолайлы жағдай жасады.
Қорытынды:
Жаттығу барысында қатысушылар бір-біріне тәуелді әрекет етудің маңыздылығын түсінді. Нәтижесінде әр жұп бір-бірін толықтырып, үйлесімді жұмыс жасап, тапсырманы сәтті орындады. Қатысушылар арасында сенім, ынтымақтастық және өзара қолдау дағдылары қалыптасты.
Ұсыныстар:
– Осындай ұжымдық тренингтерді тұрақты түрде өткізу;
– Оқушылар мен мұғалімдер арасында топтық жұмыстарды көбейту;
– Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығуларды енгізу.
https://www.instagram.com/reel/DXbSO0bjV3s/?igsh=YWQ0YzBrbGI0Nmt3
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Психологиялық-педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс-шаралардың
ХАТТАМАСЫ
Іс-шара атауы: Көңілді сергіту жаттығулары мен ойындар
Өткізу орны: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
Қатысушылар: 1 «ә» сынып оқушылары
Өткізу мақсаты:
– Оқушылардың көңіл күйін көтеру;
– Сабақ барысында шаршауды азайтып, белсенділігін арттыру;
– Қимыл-қозғалыс арқылы денсаулығын нығайту;
– Бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлім:
Оқушылармен амандасу жүргізіліп, іс-шараның мақсаты түсіндірілді. Балаларға сергіту жаттығуларының денсаулыққа пайдасы мен көңіл күйге әсері туралы қысқаша мәлімет берілді.
Негізгі бөлім:
Жаттығу барысында оқушылар түрлі қимылды ойындар ойнап, сергіту жаттығуларын орындады. Балалар белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Ойындар арқылы оқушылардың қимыл-қозғалысы артып, өзара қарым-қатынасы нығая түсті. Сонымен қатар, топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасты.
Қорытынды бөлім:
Іс-шара соңында оқушылар көтеріңкі көңіл күйде болды. Жаттығулар балалардың белсенділігін арттырып, жағымды эмоция сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DV2HMe8DKWz/?igsh=cnoxaTBlODdwZjNr
Өткізген: А.Н. Бримбетова – мектеп психологы
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Психологиялық-педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс-шаралардың
ХАТТАМАСЫ
Іс-шара атауы: «Сен жалғыз емессің» акциясы аясындағы «Қолдау шеңбері» психологиялық жаттығуы және «Біз біргеміз!», «Сілкіп таста» жаттығулары.
Жоба: “EQ-Lab” оқушыларға арналған жоба
Өткізу күні: 12.03.2026 жыл
Өткізу орны: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
Қатысушылар: 11 «а» сынып оқушылары
Өткізу мақсаты:
Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, қиын жағдайларда жалғыз емес екенін түсіндіру, өз сезімдерімен бөлісуге үйрету және бір-біріне сенім мен қолдау білдіру дағдыларын дамыту.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлім:
Іс-шара барысында оқушылармен амандасу жүргізіліп, жаттығудың тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. Оқушыларға психологиялық қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, әр адамның өмірінде қиын сәттердің болатыны және мұндай кезде жалғыз емес екендігі атап өтілді.
Негізгі бөлім:
Оқушылар шеңберге жиналып, «Қолдау шеңбері» жаттығуына қатысты. Жаттығу барысында түрлі психологиялық тапсырмалар мен сергіту жаттығулары орындалды.
Сонымен қатар, «Ойлан, тап» жаттығуы жүргізіліп, оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Әр оқушы өз сезімдерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Жаттығу барысында оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнады.
Қорытынды бөлім:
Іс-шара соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Жаттығу оқушыларға жағымды эмоция сыйлап, бір-біріне деген сенім мен қолдау сезімін арттырды.
https://www.instagram.com/reel/DVzzVy6DIDk/?igsh=MXg4MnRwN2szeDZmMw==
Өткізген: А.Н. Бримбетова – мектеп психологы
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»







