Іс-шара атауы: «Күйзелістен қалай арыламыз?» және «Тілектер ұшағы» психологиялық тренингтері
Қатысушылар: 11-сынып оқушылары
Өткізілген күні: 21.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы
Мақсаты:
– Оқушыларға күйзеліс ұғымы туралы түсінік беру;
– Күйзелісті жеңудің тиімді жолдарын үйрету;
– Эмоционалдық көңіл-күйді көтеру;
– Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу.
Өткізілу барысы:
Тренинг барысында оқушылармен жылы жүзбен амандасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығулары жүргізілді.
«Күйзелістен қалай арыламыз?» тақырыбында оқушылармен түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, күйзелісті жеңудің жолдары талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
«Тілектер ұшағы» тренингі ерекше әсерлі өтті. Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, оған сыныптастарына арнап жүрекжарды тілектерін жазды. Кейін ұшақтарды бір-біріне ұшырып, әр оқушы өзіне келген тілекті оқыды. Сонымен қатар, әр оқушы арнайы қызыл кілемше арқылы өтіп, сыныптастарының жылы лебізі мен қолдауына ие болды. Бұл кезең оқушыларға ерекше қуаныш сыйлап, өзара сенімділікті арттырды.
Қорытынды:
Тренинг нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісті басқару туралы түсініктері кеңейді. Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнап, бір-біріне деген сенім мен қолдау деңгейі артты.
Ұсыныстар:
– Психологиялық тренингтерді жүйелі түрде өткізу;
– Оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақты бақылау;
– Қарым-қатынас пен өзара қолдауды дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру.
https://www.instagram.com/reel/DXbSbicE536/?igsh=enBkazZ1ZXBta2Jo




