Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына арналған Qolday телеграм боты бойынша кеңейтілген түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға боттың негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, Qolday телеграм боты әлеуметтік педагог пен оқушы арасындағы байланысты нығайтуға, оқушылардың өздерін алаңдататын мәселелер бойынша дер кезінде көмек алуына жағдай жасауға бағытталғаны түсіндірілді.

Сонымен қатар, бот арқылы оқушылар буллинг, психологиялық қысым, әлеуметтік қиын жағдайлар сияқты мәселелер туралы анонимді түрде хабарлай алатыны айтылды. Бұл өз кезегінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және қолайсыз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға ботты қолдану жолдары көрсетіліп, сұрақтарына толық жауап берілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнату, психологиялық қолдау көрсету және мектептегі жағымды әлеуметтік ортаны қалыптастыру болып табылады.

Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

   

 

«Қайырымдылық әрбір адамның азаматтық парызы». Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс- шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Жанашыр Жүрек» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы бастау алды. Осы акция барысында хабарландыру жасалды.

Акцияның мақсаты — мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық мәдениетін дамыту.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну әрбір азаматтың адами парызы деп білемін. Акция төңірегінде «Жаңажол ЖББОМ» ұжымы қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды. Жиналған қаражат Ембі қаласының тұрғыны Досанова Асел Боранбайқызының еміне аударылды.

   

https://www.instagram.com/p/DP1H78lDMnu/?igsh=MWFobGR4c2dmMHc2Yw==

Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

Тақырыбы: «Менің көңіл күйім» сауалнамасы
Өткізілген орны: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
Қатысушылар: 11-сынып оқушылары
Өткізілген күні:13.04.2026 ж

Мақсаты:
Оқушылардың эмоционалдық жағдайын анықтау және көңіл күй деңгейін бағалау.

Сауалнама барысы:
11-сынып оқушылары арасында «Менің көңіл күйім» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысушылар өз көңіл күйлеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.

               

Қорытынды:
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың басым көпшілігі өз көңіл күйлерінің көтеріңкі екенін көрсетті. Бұл оқушылардың психологиялық ахуалының жақсы деңгейде екенін білдіреді.

Өткізген: А.Н.Бримбетова /мектеп психологы/

Іс-шара атауы: «Үзіліс уақытында көтеріңкі көңіл күй» көңілді ойын
Өткізілген орны: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
Қатысушылар: мектеп оқушылары
Өткізілген күні: 17.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы

Мақсаты:
– Оқушылардың көңіл күйін көтеру;
– Үзіліс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге үйрету;
– Бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
– Шаршауды азайтып, келесі сабаққа жағымды көңіл күймен кіруіне ықпал ету.

Өткізілу барысы:
Іс-шара барысында үзіліс уақытында оқушылармен көңілді ойындар ұйымдастырылды. Ойындар оқушылардың белсенділігін арттырып, еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік берді. Қатысушылар бір-бірімен араласып, жағымды эмоциялармен бөлісті.

Қорытынды:
Нәтижесінде оқушылардың көңіл күйі көтеріліп, шаршағандықтары азайды. Сабаққа деген ынталары артып, келесі сабақтарға жағымды көңіл күймен кірді.

Ұсыныстар:
– Үзіліс уақытында осындай сергіту ойындарын тұрақты түрде өткізу;
– Оқушылардың психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру.

https://www.instagram.com/reel/DXf0lIpjBt6/?igsh=MTN4YWFxNXJueTBlNw

 

 

Өткізген: А.Н.Бримбетова /мектеп психологы/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»