Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

1 «А» сыныбында ерекше ашық сабақ өтті.
Бүгін 1 «А» сыныбында математика пәнінен «7 санын қосу және азайту» тақырыбында мазмұнды әрі қызықты ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері тиімді ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер өз білімдерін ортаға салып, есептерді жылдам әрі дұрыс шығаруға тырысты.
Сабақтың ерекшелігі — заманауи жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі тапсырмалар мен танымдық ойындардың қолданылуы болды. Цифрлық технологиялар мен ойын элементтері оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабақ соңына дейін белсенділіктерін жоғары деңгейде ұстап тұрды.
Жас өрендерге сәттілік тілейміз! 🌟👏
Сынып жетекшісі: А.У.Танабергенова.


   

 Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Іздені , ізгілік, шабыт-бастауыштан басталады” атты онкүндігі аясында 1-4 сыныптар арасында “Көңілді стар” эстафеталық сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Спорттық сайыс мына кезеңдер бойынша ұйымдастырылды.
1-кезең “Жылан жүріс”
2-кезең “ Шығыршық пен кедергі”
3-кезең “ Аю жүрісі”
4-кезең “Егіздер”
5-кезең “ Шашылған шарлар”
6-кезең “Жылдам капитан” . Сайысқа 4-топ қатысты. Ойындар қызықты өтті. Оқушылар өте жоғары белсенділік танытты. Сайыс соңында оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Ізденіс, ізгілік, шабыт-бастауыштан басталады” атты бастауыш сыныптар апталығының жоспарына сәйкес 4-сыныптар арасында “Жүйріктер додасы” интеллектуалдық сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың негізгі пәндер бойынша білімдерін тексеру, логикалық ойларын дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сайыс мынадай турлардан тұрды:
1. “Тез ойла”
2. ⁠” Кім жылдам?”
3. ⁠”Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл”
1. “Тапқырлар тартысы”
2. ⁠”Өлеңдер әлемі⁠” .
Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, есептер шығарып, сөздерді үш тілде аударып, жаратылыстану пәндерінен түрлі тапсырмалар орындап, өлеңдерді жалғастырып айтты. Сайыс соңыда жинаған ұпай сандары есептеліп, сыйлықтармен марапатталды.

 

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі. МАД"А" сыныбы.
Ашық сабақ: Тақырыбы: "Мамандықтар әлемі"Сабақтың мақсаты – балаларды дәрігер, шаштараз, аспаз, құрылысшы және өрт сөндіруші мамандықтарымен таныстыру, олардың еңбегі мен құралдарын ажыратуға, өз ойын толық сөйлеммен жеткізуге үйрету.Сабақ барысында балалар «Жұмбақ қорап» ойынында заттарды атап, оларды кім қолданатынын айтты. «Кімге не қажет?» ойынында құралдар бейнеленген карточкаларды тиісті мамандықтармен сәйкестендірді, ал сергіту сәтінде мамандардың әрекетін қимыл арқылы көрсетті. Сабақ соңында әр бала өзіне ұнаған мамандықты таңдап, неліктен
ұнағанын бір сөйлеммен жеткізді.
Тәрбиешісі: Г. Б. Наурызова




 

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»