Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

                                               «Отбасы тәрбиенің алтын бесігі»

     Отбасы – тәрбие мен адамгершіліктің алғашқы бесігі. Отбасы күні мерекесіне орай, ауылымыздың көпке үлгі болар өнегелі шаңырағы, көпбалалы, Күміс алқа иегері — Өтеулиндер әулетін мектеп әкімшілігі сабақта жүрген балаларымен арнайы барып,мектеп директоры Ж.Т.Курантаеваның құттықтау хатын жеткізіп,себет толы тәттілер тарту етті.

     Өтеулиндер әулеті — ата мен ананың сыйластығы, бала мен немеренің тәрбиесі жарасқан, бірлік пен мейірімнің ордасына айналған отбасы. Бұл әулет – ұрпақ тәрбиелеуде өз ұстанымдары мен ізгі дәстүрлерін берік сақтап, ауылдағы игі бастамалар мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген абыройлы отбасы.

   Мектебімізде білім алып жүрген балалары да тәртіпті, білімге құштар, мәдениетті мінезімен, белсенділігімен ерекшеленіп, ата-ана тәрбиесінің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

   Осындай өнегелі отбасылар көбейе берсін! Өтеулиндер әулетіне амандық, шаттық, бақыт пен баянды ғұмыр тілейміз!
Ұрпақтарыңыз елінің тірегі, халқының сүйікті ұлы мен қызы болғай!

https://www.instagram.com/reel/DOp6L_TjVpG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=dGRkaGNia3BvZXpq

Орындаған: Ж.Б.Бокашева /ДТІЖО/

                   А.Н.Бримбетова /ұйымдастырушы педагог/

                   Г.Ж.Бидағұлова /тәлімгер/

Тақырыбы:
«Бірлік және ынтымақ» құндылығы
Мақсаты:
• Оқушыларға бірлік пен ынтымақтың маңызын түсіндіру;
• Ұжымда достық қарым-қатынас қалыптастыру;
• Өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін дамыту;
• Оқушыларды татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
• Қоғамдық ортада бірлесіп әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Барысы:
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 5 «А» сынып оқушыларымен «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ басында оқушылармен амандасу жүргізіліп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығулары ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй орнатты.
Сабақ барысында оқушыларға бірлік пен ынтымақ ұғымдарының мәні түсіндірілді. Бірлік бар жерде татулық, түсіністік және табыс болатыны туралы мысалдар келтірілді. Сонымен қатар халық даналығы мен мақал-мәтелдер арқылы ынтымақтың адам өміріндегі маңызы айтылды.
Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, топпен жұмыс жасады. Олар ұйымшылдықтың артықшылықтары туралы өз ойларын ортаға салып, бір-біріне қолдау көрсету керектігін талқылады.
«Достық шеңбері» жаттығуы арқылы оқушылар сыныптастарына жақсы тілектер айтып, өзара сыйластық пен сенімді нығайтты.
Сабақ соңында оқушыларға бірлік пен ынтымақты сақтау туралы түсіндірме беріліп, татулыққа шақыратын жадынамалар таныстырылды.
Қорытынды:
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде оқушылар бірлік пен ынтымақтың адам өміріндегі маңызын түсініп, достық пен сыйластықтың құндылығын ұғынды. Сыныпта жағымды қарым-қатынас пен өзара қолдау атмосферасы қалыптасты.

 

                                                                                 

                                                                       2025-2026 оқу жылындағы ұсынатын мектеп формасы

                 Мектеп формасы-оқушылардың оқу орнында киетін біркелкі киім үлгісі. Ол оқушыларды бірегей етіп көрсету, тәртіп пен ұжымдық рухты қалыптастыру мақсатында енгізіледі. Мектеп формасы киімнің тазалығы мен тәртібін қадағалау мақсатында енгізіледі. 

                Ер балалар үшін: қою көк түсті жилет немесе костюм, ақ көйлек, классикалық үлгідегі қою көк түсті шалбар, қара туфли, галстук.

                Қыз балалар үшін: қою көк түсті жилет немесе сарафан, ақ кофта, тізеден төмен ұзындықтағы қою көк түсті белдемше, қара немесе ақ түсті туфли, ақ бантик.

                Мектеп формасы ұсынылған дизайнге сәйкес бірыңғай ыңғайлы және қонымды болуы тиіс.

 

 

ЖАҢАЖОЛ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНДЕ 1 ҚАЗАН-ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ШАРА ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ



         Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 1 Қазан-Қарттар күні мерекесіне орай, «Қария-асыл қазына» атты мерекелік шара өтті.
         Шараға ауылымыздың қарттары қонақ ретінде шақырылып,сый құрмет көрсетілді. Шараны мектеп директоры Ж.Т.Курантаева ашып,барша қарттарды мерекемен құттықтап,бейбіт өмір үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар,Ауылымыздың қазыналарын құттықтау үшін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ә.Е.Есенаманов, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі М.М.Бокашев, ”ҚазахОйл” ЖШС әлеуметтік департаменті директорының орынбасары Асхат Асылханұлы келіп, сыйлықтарын тарту етіп, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымына ризашылығын білдірді.

         Концерттік бағдарламамен жалғасқан кеш келген қонақтарымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жауапты: А.Н.Бримбетова, Г.Ж.Бидагулова

https://www.instagram.com/reel/DAngpwDABf9/?igsh=eDU4YWlzbW9id25w

    

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»