Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Мамандықтар марафоны»

     Еңбегі адал жас өрен жобасының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған мамандықтар марафоны аясында ауылымыздағы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген ең үздік мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.

Бұл шараның басты мақсаты – түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеу, жас ұрпаққа мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбекқорлық пен кәсібиліктің маңызын насихаттау.

Марафон барысында дәрігер, әкімшілік қызметкері, спорт жаттықтырушы, тәрбиеші және басқа да сала өкілдерінің қоғамға қосқан үлесі атап өтіліп, олардың жетістіктері үлгі ретінде көрсетілді. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың еңбекке деген құрметі артып, болашақ маман иелері қалыптасатынына сенім мол.

https://www.instagram.com/reel/DUXO1ucjGXe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

   

  «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ  

“ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ”

Батпақкөл ауылдық округі әкімінің сұранысы негізінде Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық, мектепалды даярлық тобы мен 1–11 сынып оқушыларына «Қазақ Ойл Актобе» ЖШС компаниясы тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.

Аталған игі бастама – өскелең ұрпаққа көрсетілген зор қамқорлық пен мейірімділіктің айқын көрінісі. Балалардың жүзінде қуаныш сыйлап, жаңа жыл мерекесіне ерекше көңіл күй сыйлаған бұл қолдау оқушылар үшін үлкен қуаныш болды.

Осы орайда, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы, ата-аналар және оқушылар атынан «Қазақ Ойл Актобе» ЖШС басшылығына және Батпақкөл ауылдық округі әкімдігіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай қайырымды істеріңіз алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық және мол жетістік тілейміз.

Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

https://www.instagram.com/p/DS6x1OODBnV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

 

   

“Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғаның алдын алу” (Нашақорлық, вейп, есірткі бизнесінің алдын алу) жаднама таратылды

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғаның алдын алу” (Нашақорлық, вейп, есірткі бизнесінің алдын алу) мақсатында 8-11 сыныптарға жадынама таратылды.
Мақсаты:
– Жасөспірімдер арасында нашақорлық, вейп және есірткі бизнесінің зияны туралы түсінік қалыптастыру;
– Оқушылардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға ықпал ету;
– Салауатты өмір салтын насихаттау;
– Жасөспірімдерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсету.
Жадынама тарату барысында оқушыларға есірткі мен вейптің денсаулыққа зияны, құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, салауатты өмір сүрудің маңыздылығы түсіндірілді.

Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

https://www.instagram.com/reel/DSB1NKaDHcH/?igsh=Zm5qemE4cjMzaTg4

                                                      Күзгі асар жәрмеңкесі                                                                                                                                                                                      

     Жәрмеңкенің мақсаты: Күзгі молшылықты атап өтіп, ұлттық дәстүрімізді жаңғырту, сонымен қатар, әлеуметтік мақсаттарға қолдау көрсету.                                                                                                                                                                    

      Күзгі асар жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып,жоғарғы сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шара тек мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, бірлік пен қайырымдылықтың жарқын үлгісіне айналды.

     8,9,10- сынып оқушылары мен жетекшілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз! Өз еңбектеріңізбен, шеберліктеріңізбен, ұйымшылдығыңызбен және шығармашылық қабілеттеріңізбен бұл іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қостыңыздар.

 

https://www.instagram.com/reel/DPjG5RQDInk/?igsh=MXhzcnBicm15ZHNneg==

 

Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»