«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Анықтама
2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес мектебімізде «Lesson Study үдерісі: тәжірибе, талдау және нәтиже» тақырыбында қорытынды шара ұйымдастырылып өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – Lesson Study үдерісі барысында атқарылған жұмыстарды саралау, тәжірибе алмасу, зерттеу сабақтарының нәтижелерін талдау және педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту болды.
Қорытынды шараға мектеп әкімшілігі, тренер ұстаздар және пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында әр топқа бекітілген тренерлер өз топтарының жыл бойы жүргізген Lesson Study жұмыстары бойынша қорытынды есептерін таныстырды. Әрбір топ зерттеу сабақтарының өткізілу барысы, қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер, оқушылардың оқу жетістіктеріндегі өзгерістер мен алынған нәтижелер туралы жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар, зерттеу үдерісінде кездескен қиындықтар мен оны шешу жолдары талқыланып, келесі оқу жылына арналған ұсыныстар айтылды.
Шара барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тиімді педагогикалық тәсілдердің маңыздылығына тоқталды. Lesson Study үдерісінің мұғалімдердің кәсіби дамуына, сабақ сапасын арттыруға және оқушылардың білім алу белсенділігін көтеруге оң ықпал еткені атап өтілді.
Қорытынды бөлімде зерттеу сабақтарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, сабағын жүйелі әрі сапалы өткізген бірқатар әріптестер мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Марапатталған ұстаздардың еңбегі көпшілікке үлгі ретінде көрсетіліп, шығармашылық табыс тілектері білдірілді.
Өткізілген қорытынды шара өз мақсатына жетіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, бірлескен зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Орындаған: Жоламанова У.А. /ҚББ
/


2
2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Қожасай НОМ базасында «Жасанды интеллект арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы
анықтама
Семинар мақсаты:
Білім беру үдерісінде Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеге енгізу. Білім беру үдерісінде Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеге енгізу.
Семинардың міндеттері:
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету;
- Жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану жолдарымен таныстыру;
- Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру;
- Озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу алаңын ұйымдастыру.
«Менің жетістігім»тренингі
Тренингтің мақсаты: «Менің жетістігім» тренингі
Мақсаты:
Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өзара таныстықты нығайту және бір жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісу арқылы тәжірибе алмасу. Қатысушылардың бір-біріне қолдау көрсетуін арттыру, сенімді қарым-қатынас орнату және ұжымдық бірлікті күшейту.
Өту барысы:
Тренинг қатысушылардың дөңгелене тұруымен басталды. Алдымен мұғалімдер бір-бірімен танысып, еркін атмосфера қалыптастырды. Әр қатысушы бір жыл ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өз тәжірибесін ортаға салды. Жаттығу барысында ұстаздар бір-бірін қолдап, жылы лебіздерін білдіріп, соңында өзара құшақтасу арқылы жағымды эмоциямен аяқтады.
Бұл кезең қатысушылардың ашық қарым-қатынас орнатуына, сенімділік пен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.
Қожасай негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумашева Диана Аманкосовна
Сабақтың тақырыбы: Диаграмма
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алгебралық бөлшектің негізгі қасиетіне қатысты ережелерін пайдалана отырып, есептер шығаруда алған білімдерін көрсету. Сабақтың басын "Қай цифр сені сипаттайды" тренингі арқылы бастады және сол цифрлар арқылы топқа бөлінді. "Көршіңді тексер" әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Өткенді қайталау үшін ЖИ арқылы PowerPoint-та жасалған сұрақтарға жауап алынды. "Джигсо" әдісі арқылы постер қорғоп, топтық жұмыс жасалды. "Қатені тап" жеке тапсырмасы орындалды. Сергіту сәтіне “Математикалық викторина: Диаграммалар” ойыны жасалды. Айналадағы мәліметтер арқылы жұптық жұмыс жасалды. Сабақты қортыныдылау мақсатында Gemini платформасы арқылы ”Ақиқат па, жалған ба?” тапсырмасы орындалды. “Ақыл ой мұнарасы”" арқылы кері байланыс жасалды. Сабақты ойын элементтері мен көрнекі құралдар арқылы ұйымдастырудың негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, зейінін бір арнаға шоғырландыру және оқу үдерісіндегі белсенділіктерін арттыру. Бұл тәсіл күрделі математикалық ұғымдарды (диаграммаларды) көрнекілік арқылы жеңіл меңгертуге, логикалық ойлауды дамытуға және алған білімді практикада еркін қолдануға мүмкіндік беру.
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әділжанова Айғаным Русланқызы Педагог-модератор, еңбек өтілі 6 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Екі шеңбердің өзара орналасуы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар түзу мен шеңбердің және екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын анықтайды, талдайды және суреттер арқылы ажырата алады. Оқушылардың сабаққа дайындығын қарау. Психологиялық ахуал орнату.«Шифрды аш» әдісі Оқушыларға жеке ребустар таратады. Ребустың шешу жолын түсіндіреді. Ребус шешімі арқылы апта дәйексөзін анықтауға жетелейді Апта дәйексөзі: «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» Кюар кодты сканерлеу арқылы 2 топқа бөлінеді: қиылысу және жанасу
-сабақтың мақсатымен таныстыру Genially платформасы арқылы Үй тапсырмасын тексеру https://view.genially.com/69f0e6c44e6c4263dcebffe9
өткен тақырыпты еске түсіру
file:///D:/Users/Aiganym/Downloads/шеңберлер.html
-сабақтың мақсатымен таныстыру
Топтық жұмыс
«Боулинг» әдісі
Оқушылар тақта ілініп тұрған пиндердегі есепті шығарып, жауабын боулинг шарындағы жауаппен сәйкестендіреді. Қай топ бірінші болса, сол топ кубокты алады. Жұптық жұмыс Оқушылар көршілерімен жұптасады. Есептің шарты жазылған А3 қағаз таратылады. Сым арқылы модель жасау тәсілін түсіндіріп, есеп шарты бойынша шеңберлердің орналасуын көрсетуге тапсырма береді. Жұптардың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар береді, талқылауға жетелейді. Сергіту сәті 2 топ екі шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Әр оқушы белгілі бір нүктенің рөлін атқарады. Мұғалім нүктелердің орналасуына байланысты сөйлемдерді оқиды, ал оқушылар соған сәйкес орындарын тауып орналасады. Нүктелердің орналасуы:
- A нүктесі шеңбердің ішінде орналасқан.
- B нүктесі шеңбердің сыртында орналасқан.
- D нүктесі және F нүктесі шеңбердің бойында орналасқан.
- С нүктесі шеңбердің ішінде, центрге жақын орналасқан.
- Е нүктесі шеңбердің сыртында, шеңберден алыс орналасқан.
- K нүктесі шеңбер бойындағы нүкте. M нүктесі шеңбердің ішінде орналасқан. Жеке жұмыс Платформа арқылы жеке жұмыс тапсырмаларын ұсынады. Әр оқушыға 2 есеп орындатуға бағыт береді, орындалу ретін түсіндіреді. Оқушылардың жұмысын қадағалап, қажет жағдайда кері байланыс береді, дұрыс орындалуын бақылайды. Сабақты қорытындылау «HTML кодтау» ойыны арқылы бүгінгі тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру file:///D:/Users/Aiganym/Downloads/парақ2.html
Саға жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жеткізгенова Жұлдызай Жеткізгенқызы
Сабақтың тақырыбы: Гиперсілтеме
Сабақтың мақсаты: мәтін ішінде гиперсілтемелерді қосып, оларды дұрыс қолдануды үйренеді
Психологиялық ахуал “Тәтті тілек” арқылы бастады.
ЖИ генератор арқылы топқа бөлдім.
Сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында “Сабақ оқы да, жеңілдік ұтып ал” купонын ұйымдастырды
“Кім жылдам” каппен секіру ойыны арқылы үй тапсырмасын тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында “ойлан әдісі” арқылы видео ролик көрсетті. Жаңа сабақты өзім түсіндірді. Топтық жұмыс “Квес” ойыны. Жұптық тапсырма “ Сиқырлы гиперсілтеме әлеміңе саяхат” кітапшадан тапсырма орындады. Жеке жұмыс компьютермен оқушылар жеке-жеке орындады. Сабақты бекіту “Нейроойын” оқушылар қолмен басқару арқылы тапсырма орындады. Кері байланыс бес жұлдыз арқылы.
Шеңгелши негізгі орта мектебінің биология пәні мұғалімі Нарынбаева Фариза Ақылбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Гүл құрылысы.Тозаңдану түрлері (өздігінен,айқас, жасанды)
Сабақтың мақсаты: өздігінен және айқас тозаңданудың шамалы артықшылықтарын сипаттау;
Мен сабақтың басын "Бақ бақ гүлі" тренингі арқылы бастадым.
"ЖИ генератор" арқылы топқа бөлдім.
"Викторина" ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрады.
"Гүлдің құрылысы" тақырыбында ЖИмен жасалған бейне материал көрсетті.
"Джигсо" әдісі арқылы постер қорғады.
"Сәйкестендіру" тапсырмасын орындатты.
"Арқан тартыс" ЖИ арқылы жасалған ойын ойнатты.
"QR код" әдісі арқылы жаңа сабақ бойынша тапсырма орындатты.
"Қызғалдақ" әдісі арқылы бағалау жүргізілді.
"Гүлдер әдісі" арқылы кері байланыс жасалды.
Сабақты ойын және көрнекі қүралдар арқылы ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, зейінін шоғырландыру, белсенділіктерін дамыту,жаңа тақырыпты меңгерту.
Қорытынды:
Жалпы, ұйымдастырылған семинар барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолданудың маңыздылығы айқындалды. Қатысушы мұғалімдер тәжірибе алмасып, өз жетістіктерімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді. Оқушыға түсіндіре алды, яғни ұсынылған әдіс-тәсілдер мен жаңа білімдер оқушы деңгейіне сай жеткізілді. Сабақ барысында оқушылар тақырыпты түсініп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл мұғалімнің тиімді оқыту стратегияларын дұрыс қолдана алғанын көрсетеді. Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, функционалдық сауаттылығының дамуына оң әсер етті. Нәтижесінде педагогтер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдарын айқындады. Алдағы уақытта бұл тәжірибелер білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп күтіледі Семинар қорытындысында ұстаздардың еңбегі бағаланып, белсенділік танытқан мұғалімдер Аудандық білім бөлімінің басшысы Алғыс хатымен марапатталды.
/


2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Саға ЖББОМ базасында «Заманауи білім беру: белсенді әдіс-тәсілдермен оқыту» тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы
анықтама
Семинар мақсаты:
Білім беру үдерісінде заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін таныстыру және оларды сабақ барысында пайдалану жолдарын көрсету. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Семинардың міндеттері:
- Мұғалімдерді заманауи білім беру талаптарына сай белсенді оқыту әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
- Сабақ барысында қолданылатын тиімді педагогикалық технологиялармен тәжірибе алмасу.
- Оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін және белсенділігін арттыруға бағытталған әдістерді меңгерту.
- Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға және сабақ сапасын арттыруға ықпал ету.
«Мен кіммін »тренингі
Тренингтің мақсаты: «Мен кіммін?» тренингі 🎭
Мақсаты:
Мұғалімдердің бір-бірін жақынырақ тануына мүмкіндік жасау, қарым-қатынасты нығайту, көңілді атмосфера қалыптастыру.
Мұғалімдердің өзін еркін сезінуіне, бір-бірін қолдауға, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал ету.
Өту барысы:
Ортаға қызыл кілем төселеді. Мұғалімдер кезек-кезек қызыл кілеммен жүріп өтеді. Сол кезде жүргізуші немесе әріптестері ол мұғалім туралы жақсы қасиеттерін айтып, таныстырады.
Мысалы:
«Қарсы алыңыздар! Біздің креативті, әрдайым жаңашыл идеяларымен ерекшеленетін әріптесіміз – … апай!» 👏
Қожасай негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ізтаев Ерқанат Азаматұлы.Жас маман.
Панорамалық сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар мен заманауи спорт.
Қазіргі уақытта заман талабына сай жасанды инттеллект платформаларын дене шынықтыру пәнінде пайдалану жолдарын көрсетті. Алғашқы көрсеткен платформасы Яндекс ойындары. Оқушыларды онлайн ойындар арқылы дамыту және сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Балалар яндекс ойындарын жарыса да таласа ойнайды.Футбол, воллейбол,теннис және жүгіру ойындары көбірек пайдаланылады.Келесі gynzy платформасы оқушыларды теория жүзінде топтық ,жұптық және жеке жарыстар ұйымдастыруға болады. Соңғы практикалық жұмыс көрсетілді. Ортаға 3 әріптес мұғалімдер шығарылып садақ атқызды. Бұл ойын оқушыларды қырағылыққа және дәлдікке тәрбиелейді.
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байжанов Нурболат Умерсерикович. Педагог-модератор, еңбек өтілі 12 жыл.
Панорамалық сабақ тақырыбы: Жұптық және топтық ойындар. Эстафеталық ойындар. Басында өтілген сабаққа бейнешолу жасады. Сабақтың мақсатымен және барысымен таныстырды. Апта дәйексөзін ЖИ арқылы жасалған бейнероликпен ашты. Эстафеталық ойындардың негізгі ережелерімен таныстырып, оқушыларға пайдасын атап өтті. Эстафеталық ойынның бір бөлігін семинар қатысушыларымен ойнатты. Соңында ЖИ платформасы арқылы кері байланыс алынды. Эстафеталық ойындар кезінде оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Сабақ барысында мұғалім әр топтың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар беріп, оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көңіл бөлінгендігі айтты.
Мектеп: Шеңгелши негізгі орта мектебі
Пәні: Дене шынықтыру
Мұғалім: Қалдығұл Ө.М.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық»
Мақсаты: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кеңінен қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
Ұлттық ойындарды ойната отырып, ұлт тәрбиесін бойларына сіңіру.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, ойынды үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастырады
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
Үй тапсырмасын сұрау:
“Менен сұрақ, сізден жауап” әдісі
Мақсаты: Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Атап айтқанда:
- Оқушының сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру
- Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
- Өз ойын еркін жеткізуге үйрету
- Сабаққа қызығушылығын арттыру
- Диалог арқылы білім алуды жетілдіру.
Сабақтың жаңа тақырыбын түсіндіру.
“Бес асық” ойынының тарихына шолу жасау.
Алғашқы 6 кезеңімен таныстыру. Жеке-жеке толық түсіндіру. Практика жүзінде қалай ойналатынын көрсету.
Сергіту сәті: “Асық үні”
Асықтарды бір-біріне соғу арқылы, әннің нақышына келітіріп асық үнін жаңғырту.
Саралау тапсырмалары.
Рефлексия : “Асық түсі”
Асықтың түсіне қарай оқушылар қалаған түстерін таңдап алады. Олар “Түсіндім” - жасыл асық, “Түсінбедім” - қызыл асық және “Сұрағым бар”- сары асық.
Сабақты қорытындылау.
Саға жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байзақов Жомарт Асқарұлы
Сабақтың тақырыбы: Негізгі қабылдау тактикасын үйрету
Мақсаты: Оқушыларға волейбол алаңында допсыз қозғалу әдістерін үйрету. Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдіс – тәсілдері әрекеттерін дамыту.
Волейбол алаңын айналып жүгіру және қыздырыну жаттығуларын орындау.
Жағымды ахуал қалыптастыру. «Мимикалық жаттығулар» әдісі
|
Волейболға қажетті құрал – жабдықтар: - Волейбол доптары - Волейбол торы - Спорт киімдері - Белгі сызықтары мен конустар - Ысқырық |
Презентациямен таныстырып болған соң оқушыларға мұғалім әр оқушымен жеке жеке допты жоғарыдан қабылдау әдіс-тәсілдерін, доппен жаттығулар орындайды және алты оқушыдан топтастырып жаттығуды жалғастыруға пәрмен береді
Мұғалім волейбол ойынының негізгі ережелерін түсіндіреді. Оқушыларға ойынның мақсатын, командадағы ойыншылар санын және допқа тигізу шектеуін үйретеді. Ойын барысында оқушылардың қимыл-қозғалысын бақылап, дұрыс орындауына бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар, шапшаңдық, дәлдік және төзімділік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
|
Допты астымен қабылдау техникасы: 1. Аяқтар иық кеңдігінде ашылып, бір аяқ сәл алда орналасады. 2. Тізелер сәл бүгіліп, дене алға еңкейеді, салмақ табанның алдыңғы бөлігіне түседі. 3. Екі қол біріктіріліп, шынтақтар толық түзетіледі, қолдың басы төмен түсіріліп, алақандар бір-біріне қаратып ұсталады. 4. Доп білектің түзу, жазық бөлігімен (екі білекке бірдей) қабылданады. |
Допты қабылдау кезінде қолмен соқпай, аяқ пен дененің жеңіл көтерілу қозғалысы арқылы бағыт беріледі
Допты астынан беру техникасы
Допты астынан беру (төменнен қабылдау) кезінде ойыншының бастапқы тұрысы өте маңызды. Аяқтар иық деңгейінде ашылып, тізе сәл бүгулі болады, дене алға қарай еңкейіп, салмақ табанның алдыңғы бөлігіне түседі. Қолдар алға созылып, алақандар бір-біріне жақындатылады немесе біріктіріледі.
Допқа жақындағанда қолдың басы білезік тұсынан төмен түсіріліп, екі қол біріктіріліп, білек түзу ұсталады. Шынтақтар бүгілмей, қатайып тұруы керек. Допты қабылдау кезінде доп екі білекке бірдей тиіп, серпіліс арқылы жоғары бағытталады. Қолмен ұрмайды, негізгі қозғалыс аяқ пен дененің сәл көтерілуі арқылы жүзеге асады.
Допты бергенде денені күрт көтермей, жұмсақ қозғалыспен бағыт беру қажет. Доптың бағытын иық пен дененің бұрылуы арқылы реттейді. Көз допта болуы тиіс, ал қозғалыс үйлесімді және дәл орындалуы керек.
Семинардың екінші бөлімі мұғалімдер арасында волейбол ойынымен жалғасы.
Мақсаты: Мұғалімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, командалық жұмысты дамыту, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру. Сонымен қатар, белсенді демалыс арқылы сергектік сыйлап, ұжымдық рухты көтеру және әріптестер арасында жағымды атмосфера қалыптастыру көзделді. Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, командалық жұмысты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті арттыру болды.
Ойын барысында үш команда сынға түсіп, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен жарысқа қатысып, ұжымдық рух пен достықтың үлгісін көрсетті.
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарлығаш Жанұзаққызы. Педагог- сарапшы, еңбек өтілі 16 жыл. Семинар барысында рефлексия кезеңін өткізді. .Семинар соңында қатысушылармен рефлексия жүргізілді.
Рефлексияның мақсаты – семинар барысында алған білімдері мен тәжірибелерін саралап, өз ой-пікірлерін білдіру, ұсыныстарын айту және өткен жұмыстың тиімділігін бағалау болды.
Қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, белсенді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, болашақта өз тәжірибелерінде қолданатын идеяларымен бөлісті. Рефлексия арқылы семинардың нәтижесі қорытындыланып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.
Қорытынды:
«Заманауи білім беру: белсенді әдіс-тәсілдермен оқыту» тақырыбындағы семинар өз деңгейінде өтіп, ұстаздар үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды шара болды. Семинар барысында мұғалімдер білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді белсенді әдіс-тәсілдермен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар жаңа идеялар алып, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістерді талқылады. Сонымен қатар, семинардың практикалық бөлімі мұғалімдердің белсенді қатысуымен өтіп, ұжымдық ынтымақтастық пен бірлікті нығайтты. Семинар қорытындысында ұстаздар алған тәжірибелерін алдағы уақытта сабақтарында тиімді қолдануға дайын екендіктерін білдіріп, мұндай тәжірибелік кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Семинар қорытындысында ұстаздардың еңбегі бағаланып, белсенділік танытқан мұғалімдер Аудандық білім бөлімінің басшысы Алғыс хатымен марапатталды.
https://web.whatsapp.com/a58104ca-6888-4e12-8bc3-950bd161e8a2" width="36" height="36" />Орындаған: Жоламанова У.А./қббп/
2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Шенгелши НОМ базасында «ЖИ: әдістен әрекетке » тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы
анықтама
Семинар мақсаты:
Білім алушыларға жасанды интеллект ұғымын, оның жұмыс істеу әдістерін және нақты әрекетке қалай айналатынын жан-жақты түсіндіру. Жасанды интеллекттің күнделікті өмірде, білім беруде, медицинада, өндірісте және басқа да салаларда қолданылуын мысалдар арқылы көрсету. Оқушылардың сыни ойлау, талдау, салыстыру және практикалық қолдану дағдыларын дамыту, жасанды интеллектті тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалануға үйрету. Сонымен қатар, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларға қызығушылығын ояту және болашақта өз идеяларын әрекетке айналдыруға ынталандыру.
Семинардың міндеттері:
1. Мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен таныстыру;
2. Оқу процесінде ЖИ құралдарын тиімді қолданудың жолдарын көрсету;
3. Цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
4. ЖИ көмегімен саралап оқыту, дербестендіру және бағалау әдістерін ұсыну;
5. Педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, озық практикаларды таратуға жағдай жасау;
6. Жаңа технологияларды білім беру мазмұнына кіріктіру бағыттарын айқындау.
«Мені таны»тренингі
Тренингтің мақсаты:Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бір-бірін жақынырақ таныстыру, өзара сенім мен ашық қарым-қатынасты дамыту, шығармашылық ойлау мен өзін еркін білдіру дағдыларын арттыру.
Қатысушылар:
Мұғалімдер, семинарға қатысушылар
Қажетті құралдар:
Әр түрлі заттар, табиғат көріністері, жануарлар, күнделікті бұйымдар бейнеленген суреттер
Тренингтің жүру барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ұйымдастырушы қатысушыларды жылы жүзбен қарсы алып, тренингтің мақсатын қысқаша түсіндіреді:
> «Қазір біз бір-бірімізді жақынырақ тану үшін шығармашылық танысу тренингін өткіземіз. Әрқайсыңыз өзіңізге ұнаған сурет арқылы өз қасиеттеріңізді таныстырасыздар
2. Суреттерді тарату: қатысушылар өздеріне ұнаған бір суретті таңдап алады.
3. Ойлану уақыты:
Қатысушыларға 1–2 минут уақыт беріледі. Осы уақытта олар таңдаған суреттегі жақсы қасиеттерді өздерінің жеке қасиеттерімен байланыстырып ойластырады.
4. Таныстыру кезеңі:
Әр мұғалім кезекпен сөз алып, мына үлгіде өзін таныстырады:
> «Мен өзімді осы суреттегі …-ға теңеймін, себебі оның … қасиеті менің … қасиетіме ұқсайды.»
Тренинг соңында семинарға қатысушыларға үлкен рахмет айта отырып, тәтті шоколадтарға жазылған мотивациялық сөздер таратылды.
Мектеп: Шеңгелши негізгі орта мектебі
Пәні: Бастауыш сынып мұғалімі
Мұғалім: Досмуратова Гулнур Хайруллаевна
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын оятып, ойлану және байланыс орнату арқылы сабақ тақырыбын интерактивті әрекет негізінде өз бетінше ашуына жағдай жасау.
Сабақтың тақырыбын ашуда қолданылатын әдістер:
1. Парковка әдісі
Мақсаты: Оқушылардың алдын ала білімін, қызығушылығын және сұрақтарын анықтау арқылы сабақ тақырыбын өздері болжауына мүмкіндік беру.
Қолданылуы (сабақтың басында):
– Оқушыларға тақырыпқа қатысты сурет, сөз, қысқа видео (HeyGen немесе Curipod арқылы) ұсынылады.
– «Мен не білемін?», «Нені білгім келеді?» деген сұрақтар қойылады.
– Оқушылар өз ойларын Парковкаға (тақта, стикер, Padlet/Genially) орналастырады.
– Мұғалім оқушылардың жазбаларына сүйене отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.
2. Гексагон әдісі
Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлауын, байланыс орнату қабілетін дамыту және жаңа тақырыпты өзара байланысты ұғымдар арқылы ашу.
Қолданылуы (тақырыпты ашу кезеңі):
– Гексагон пішіндеріне тақырыпқа қатысты сөздер, тіркестер, суреттер немесе сұрақтар жазылады (Genially немесе Curipod арқылы интерактивті түрде).
– Оқушылар гексагондарды бір-бірімен байланыстырып, ортақ мағынаны табады.
– Құрастырылған байланыстар арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
3. Genially платформасын қолдану
Мақсаты:сабақты визуалды, интерактивті әрі заманауи форматта ұйымдастырып, оқушының қызығушылығын арттыру.
Қолданылуы (тақырыпты ашу):
– Интерактивті постер, карта, лабиринт немесе quiz түрінде тапсырма беріледі.
– Оқушылар элементтерді басу, таңдау, қозғау арқылы ақпаратты ашады.
– Ашылған ақпараттар сабақ тақырыбына жетелейді.
Нәтиже: Сабаққа ойын элементі енгізіледі, оқушы цифрлық ортада еркін жұмыс істейді.
Мектеп: Шеңгелши негізгі орта мектебі
Пәні: ағылшын тілі
Мұғалім: Ізбасар Жансая Кәдірханқызы
" Мэнэдж мэт", "Суретті сөйлет" әдістерімен және " Diffit” платформасын көрсетті. "Мэнэдж мэт" әдісінің негізгі мақсаты – сыныпты тиімді басқару, оқушыларды белсенді қатыстыру және жауапкершілікке үйрету. Бұл әдіс арқылы мұғалім сабақтағы уақытты үнемдейді, ал оқушы өз іс-әрекетіне өзі жауап береді.
"Суретті сөйлет» әдісінің мақсаты:
- оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту;
- ойын еркін жеткізуге үйрету;
- сурет арқылы қиялын, логикалық ойлауын дамыту;
- сөздік қорын байыту;
- диалог құру, пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушыны белсенді қатысушыға айналдыру.
Яғни, бұл әдістің басты мақсаты – оқушыны сөйлету, ойландыру және суретке қарап мағыналы сөйлем мен диалог құрату.
Diffit платформасының негізгі мақсаты – мұғалімнің уақытын үнемдеп, кез келген мәтінді немесе тақырыпты оқушылардың деңгейіне бейімдеп беру.
Diffit – «бір мәтін → бірнеше деңгей → барлығына қолжетімді оқу» принципімен жұмыс істейтін, мұғалімге арналған ЖИ-негізіндегі заманауи платформа.
Мұғалімдерге арналған қозғалмалы ойын:
Ойындардың негізгі мақсаты – қатысушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және жағымды психологиялық ахуал орнату.
1. «Мені есіңе сақта» ойыны: Ойынға екі топ қатысты. Әр топтан бір қатысушы шығып, берілген суретті мұқият қарап есте сақтайды. Белгілі уақыттан кейін сурет алынып тасталып, қатысушы оны екінші қағазға ретімен салып шығуы керек. Ойын барысында қатысушылардың есте сақтау қабілеті мен байқағыштығы бағаланды. Суретті дәл әрі толық салған топ жеңімпаз атанды.
2. «Мақалды тап» ойыны: Бұл ойында екі топтан кезек-кезек бір қатысушыдан шығып отырды. Қатысушыларға суреттер ұсынылды, сол суреттерге сәйкес келетін мақал-мәтелді табу қажет болды. Ойын қатысушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және ұлттық құндылықтарға деген білімін арттыруға бағытталды. Мақалды дұрыс әрі тез тапқан топқа ұпай берілді.
3. «Жаңылысқан әріптер» ойыны: Ойынға екі топтың мүшелері ретімен қатысып отырды. Қатысушыларға әріптері орындары ауысып кеткен сөздер ұсынылды. Олардың міндеті – берілген сөздерді дұрыс ретке келтіріп, мағыналы сөзді табу. Бұл ойын зейін қоюды, жылдам ойлауды және тілдік дағдыларды дамытуға ықпал етті. Қорытынды: Ойындар мұғалімдер тарапынан қызығушылықпен қабылданып, белсенді түрде өтті. Қатысушылар сергіп, жағымды әсер алды. Қозғалмалы ойындар семинардың мазмұнын байытып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
Шеңгелши негізгі орта мектебі, математика пәні мұғалімі: Ермаханова Бакыт Каскырбаевна Сабақтың қорытынды бөлімінде қолданатын әдістерімен бөлісті.
- Сингапурлық “Авокадо” әдісі - тақырыпты қабат-қабатымен ашып, негізгі өзегіне дейін жетуге бағыттылған оқыту тәсілі.
- Afifiedu com ЖИ құралы - сабақты бекітуге арналған.
- Интернетсіз ойын - “Қалқан” әдісі
- Көрнекілік арқылы - “Жемістер себеті”, “Қоржындағы асық”, “ Киндер Сюрприз” әдістері
- Кері байланысқа “Батарея қуаттаушы” әдісі
Мектеп:Саға ЖББОМ
Пәні:Бастауыш сынып.
Мұғалім:Махмутова Гульнур Ердоскызы
Мен сабақтың басында қолданатын көрнекі және жасанды интеллектпен әдіс-тәсілдер көрсеттім.
"Өзің керегін ал" психологиялық ахуал.
"Тәтті тоқашпен тілек "психологиялық ахуал.
" Кольмар ойыны"әдісі топқа бөліну.
"Сәйкестендіру"жасанды интеллект арқылы жаңаша әдіс үй тапсырмасын сұрауға сай келетін әдіс.
"Қимылды қайтала" психологиялық ахуал интерактивті тақтаның көмегімен қимылды қайталау.
ЖИ робот интерактивті тақта арқылы топқа бөліну.
"Қорап ойыны"жасанды интеллект арқылы үй тапсырмасын сұрау.
"Сурет арқылы мазмұнда" интерактивті тақтадан көрсетілген сурет арқылы үй тапсырмасын сұрау әдісі.
Сабақтың басын ойын (жи) және көрнекі құралдар арқылы ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, зейінін шоғырландыру, танымдық белсенділігін дамыту, алдыңғы білімдерін еске түсіру және жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау болып табылады.
Мектеп: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі
Пәні: бастауыш сынып
Мұғалімі: Бекжасар Айша Ерболқызы
🔘ЖИ мультфильм – жасанды интеллект технологиялары арқылы сценарийі құрастырылып, кейіпкерлері, көріністері, дыбыстауы автоматты немесе жартылай автоматты түрде жасалатын мультфильм. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, тақырыпты визуалды түрде түсіндіруге және қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
🔘*ЖИ арқылы тақырыпқа байланысты ертегі жазылған кітапша *– оқу бағдарламасына немесе белгілі бір тақырыпқа сәйкес жасанды интеллект көмегімен құрастырылған ертегілер жинағы. Кітапша оқушылардың қиялын дамытуға, мәтінмен жұмыс жасауға, оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған.
🔘Үстел үсті ойын (6 тапсырмадан тұрады) – білім алушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын және пәндік білімін бекітуге арналған дидактикалық ойын. Ойын құрамында деңгейі әртүрлі 6 тапсырма болады, олар жеке немесе топтық жұмысқа ыңғайланып жасалған.
🔘Вайбкодинг арқылы жасалған “Бәйге” ойын платформасы *– заманауи вайбкодинг тәсілімен әзірленген, ұлттық “Бәйге” ойыны форматындағы цифрлық білім беру платформасы. Платформада сұрақтарға жауап беру арқылы алға жылжу жүзеге асады, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және бәсекелестік орта қалыптастырады.
🔘*Жасырын перде” әдісі *– оқу материалын бірден толық ашпай, кезең-кезеңімен көрсету арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыратын әдіс. Бұл тәсіл тақырыпты ашуда, тапсырмаларды біртіндеп беруде және жеке жұмыс ұйымдастыруда тиімді қолданылады.
🔘Bamboozle платформасы арқылы жеке және топтық жұмыс– Bamboozle онлайн платформасын пайдалану арқылы интерактивті тапсырмалар орындау. Бұл әдіс оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмысын ұйымдастырып, белсенді қатысуына және жылдам ойлауына ықпал етеді.
🔘3D карточка жасау – оқу материалының мазмұнын үш өлшемді форматта ұсыну арқылы визуалды есте сақтауды жақсартуға арналған әдіс. 3D карточкалар оқушылардың қызығушылығын арттырып, күрделі ұғымдарды жеңіл әрі көрнекі түрде меңгеруге көмектеседі.
Мектеп атауы: Қожасай НОМ
ФИО:Ганиева Аксырга Габитовна
Пәні:Көркем еңбек пәні мұғалімі
Тақырыбы:”Жасанды интеллект негізінде білімді бекіту және талдау”
Қолданылған платформа: Childdevelop,Gynzy платформасын көрсетті.
Childdevelop — бұл нақты балалар дамуы мен білім беруіне арналған онлайн-ресурс болып табылады, ол мұғалімдерге түрлі тапсырмалар, жаттығулар, сабақтар мен материалдар ұсынылады. Сайт баланың жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылық, ойлау қабілеті, моторика, тілдік дағдылар сияқты маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі.
📌 Childdevelop платформасының негізгі мақсаты
Баланың дамуын қолдау: әртүрлі жас топтар үшін логикалық, математикалық, тілдік және шығармашылық тапсырмалар ұсынып, баланың жалпы дамуына ықпал ету.
Дағдыларды дамыту: оқу, жазу, оқу тілдерін дамыту, логикалық ойлау және басқа интеллектуалды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған мазмұндарды ұсыну.
📌 Платформа қалай жұмыс істейді
✔️ Тақырыптық материалдар: әртүрлі пәндер бойынша (математика, тіл, логика, өнер) тапсырмалар, жаттығулар мен ойындар бар.
✔️ Жасқа қарай бөліну: материалдар баланың жасына қарай (мысалы, бастауыш мектеп, мектепке дайындық) ұйымдастырылған.
✔️ Прак-тикалық қолдану: кейбір тапсырмалар қағазға басып шығарып, үйде орындауға болады, бұл моторика мен визуалдық қабылдау дағдыларын жетілдіреді.
Gynzy платформасы — оқыту мен сабақ өткізу үшін арнайы жасалған веб-негіздегі білім беру платформасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы интерактивті өзара әрекетті нығайтуға бағытталған.
🎯 Gynzy платформасының мақсаты
Gynzy-ның негізгі мақсаты мыналар:
✅ Мұғалімдердің жұмысын жеңілдету: сабақ жоспарларын, интерактивті жаттығулар мен құралдарды жылдам әрі тиімді түрде құруға көмектесу.
✅ Сыныптағы өзара әрекетті арттыру: оқушыларды сабаққа белсенді түрде тартатын интерактивті тақта, викториналар мен ойындар арқылы білім алуды қызықты ету.
✅ Сабақ сапасын көтеру: дайын сабақтар мен материалдар кітапханасы, ресурстарды бөлісу мүмкіндігі оқыту процесін жандандырады.
✅ Уақыт үнемдеу: мұғалімдер дайын құралдар мен шаблондарды пайдалана отырып, дайын материалдарды жылдам қолдана алады
Қорытынды: Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жаңа білім алып, өз тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын түсінді. Мұғалімдерге жасанды интеллектті білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Осы семинар арқылы мұғалімдер ХХІ ғасырдың цифрлық дәуіріне сай икемделіп, білім беру үдерісіне инновация енгізуге қадам жасайды. талған шараға аудан көлеміндегі педагогтер қатысты. Семинар барысында қатысушылар теориялық білімді практикалық әрекетке айналдырып, практикалық тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шара соңында Жаңажол ЖББОМ директоры Ж.Т. Курантаева семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, семинар соңында тәжірибесімен бөліскен педагогтар аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Орындаған: Жоламанова У.А./қббп/
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»






