«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
«Біз ББЖЕ-ге дайынбыз ба?»
Мақсаты:
- Оқушыларды ББЖЕ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау;
- Емтихан алдындағы қобалжу мен мазасыздық деңгейін төмендету;
- Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру;
- Стресті басқару және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
- Зейін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
- Оқушылар арасында өзара қолдау мен жағымды қарым-қатынас орнату.
Барысы:
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 9-сынып оқушыларымен «Біз ББЖЕ-ге дайынбыз ба?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг басында оқушылармен жылы қарым-қатынас орнату мақсатында олардың көңіл-күйлері сұралып, қимыл арқылы амандасу ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастырды.
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы барысында оқушылар өз сезімдерін ашық білдіріп, емтиханға байланысты ішкі уайымдарымен бөлісті. Бұл тапсырма олардың эмоцияларын түсініп, еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.
Тренинг барысында «Біз ББЖЕ-ге дайынбыз ба?» тақырыбында жадынама таратылып, стресс жағдайында өзін-өзі басқару тәсілдері түсіндірілді.
Сонымен қатар «Кім жылдам?» жаттығулары жүргізіліп, оқушылар бойларындағы кернеуді азайтуға бағытталған практикалық дағдыларды меңгерді.
Қорытынды:
Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізе алды. Жаттығулар арқылы олардың эмоционалдық жағдайы жақсарып, өз-өзіне деген сенімділігі артты. Оқушылар емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындалудың маңыздылығын түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DW211r9jE9O/?igsh=ODh5bXc0dnpidXl3
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»





