Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Біз ББЖЕ-ге дайынбыз ба?»

Мақсаты:

  • Оқушыларды ББЖЕ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау;
  • Емтихан алдындағы қобалжу мен мазасыздық деңгейін төмендету;
  • Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру;
  • Стресті басқару және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Зейін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушылар арасында өзара қолдау мен жағымды қарым-қатынас орнату.

Барысы:

      Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 9-сынып оқушыларымен «Біз ББЖЕ-ге дайынбыз ба?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

      Тренинг басында оқушылармен жылы қарым-қатынас орнату мақсатында олардың көңіл-күйлері сұралып, қимыл арқылы амандасу ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастырды.

      «Менің көңіл-күйім» жаттығуы барысында оқушылар өз сезімдерін ашық білдіріп, емтиханға байланысты ішкі уайымдарымен бөлісті. Бұл тапсырма олардың эмоцияларын түсініп, еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.

     Тренинг барысында «Біз ББЖЕ-ге дайынбыз ба?» тақырыбында жадынама таратылып, стресс жағдайында өзін-өзі басқару тәсілдері түсіндірілді.

     Сонымен қатар «Кім жылдам?» жаттығулары жүргізіліп, оқушылар бойларындағы кернеуді азайтуға бағытталған практикалық дағдыларды меңгерді.

Қорытынды:

     Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізе алды. Жаттығулар арқылы олардың эмоционалдық жағдайы жақсарып, өз-өзіне деген сенімділігі артты. Оқушылар емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындалудың маңыздылығын түсінді.

https://www.instagram.com/reel/DW211r9jE9O/?igsh=ODh5bXc0dnpidXl3

                    

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»