Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру»

     Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде білім алушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында мектеп асханасы тұрақты түрде жұмыс істейді. Асхананы жалға алушы — жеке кәсіпкер ИП Изтлеуова, ол Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес қызмет көрсетеді.

Мектеп асханасында 1–4 сыныптар аралығында оқитын 83 оқушы күнделікті тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 5–11 сыныптар аралығындағы жекелеген санатқа жататын 1 оқушы да ыстық тамақпен қамтылған. Тамақтану мектеп әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

Оқушыларға ұсынылатын ас мәзірі жас ерекшеліктеріне, тағамның құнарлылығы мен теңгерімділігіне сай құрастырылған. Тағам дайындау барысында сапалы өнімдер пайдаланылып, сақтау және дайындау талаптары қатаң сақталады. Асхана қызметкерлері санитарлық нормаларға сай арнайы киіммен жұмыс атқарады.

Мектеп асханасындағы тағам сапасын бақылау мақсатында бракеажды комиссия құрылған. Комиссия құрамына мектеп әкімшілігінің өкілдері, медицина қызметкері және жауапты мұғалімдер кіреді. Комиссия ай сайын жоспарлы түрде тексеріс жүргізіп, дайын тағамдардың сапасын, ас мәзірінің сәйкестігін, санитарлық жағдайды және құжаттамалардың жүргізілуін қадағалайды. Тексеріс нәтижелері арнайы журналға тіркеліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Осылайша, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде оқушыларды тамақтандыру жүйесі тұрақты бақылауда болып, балалардың денсаулығын нығайтуға және дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/

WhatsApp_Image_2024-11-03_at_00.11.35.jpeg - 49.36 kB

                                           Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі


     Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің 2-сынып оқушыларына “Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

    Іс-шара барысында мектеп медбикесі оқушыларға күнделікті тұтынатын тағамдардың пайдалы және зиянды түрлерін ажырату жолдарын түсіндіріп, дұрыс тамақтану ережелерімен таныстырды.

    Сонымен қатар балаларға таңғы астың маңызы, күнделікті режим мен жеке бас гигиенасы туралы кеңес берді. Клас жетекшісі балаларға түрлі сұрақтар қойып, қызықты ойындар ұйымдастырды.
    Сабақ соңында оқушылар өздерінің күнделікті тамақтану әдеттері туралы айтып, пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

    Сынып сағаты өте әсерлі өтті. Оқушылар дұрыс тамақтану туралы жаңа мәліметтер алып, денсаулықтың басты кепілі – салауатты өмір салты екеніне көз жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DPS1vTbDCm3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXh5eXhrZzZwNHRyeg==

     

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

                                            Бракеражды комиссия жұмысы
      Мектеп асханасында дайындалатын тағамдардың сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін және асхана жағдайын бақылау мақсатында бракераждық комиссия құрамы асханаға тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесі:
      Дайын тағамдардың сапасы – талаптарға сай. Тағамдардың дәмі, иісі және сыртқы түрі қанағаттанарлық.
      Сақтау мерзімі және шарттары – тексерілген өнімдердің жарамдылық мерзімі     дұрыс, сақтау температурасы нормаға сәйкес.
      Гигиеналық талаптар – асхана таза, қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген, қол жуатын орындар бар.
      Қауіпсіздік шаралары – тағам әзірлеу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталған.
Тексеру нәтижесінде мектеп асханасындағы тағам сапасы мен санитарлық жағдай жалпы алғанда қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды. Қызметкерлер тарапынан санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.

https://www.instagram.com/reel/DPNyfCZDJOc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=eGp4YjZ5bXkzeDN3

     

Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог

/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»