Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

️МЕКТЕПІШІЛІК ЭКСКУРСИЯ

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Ақтілек» ата-аналар клубының мүшелеріне арналған мектепішілік экскурсия ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды мектептің материалдық-техникалық базасымен, оқу үдерісімен және білім беру ортасымен таныстыру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Экскурсия барысында ата-аналар оқу кабинеттерін, пәндік зертханаларды, кітапхана, спорт зал, асхана және қосымша білім беру кабинеттерін аралап көрді. Әрбір кабинетте жауапты мұғалімдер оқу құрал-жабдықтары мен заманауи технологиялардың қолданылуы туралы ақпарат беріп, оқушылардың жетістіктері жөнінде, мектеп газетімен, “Туған жерге тағзым” акциясы аясында жасалған жұмыстармен таныстырылым жасады.

Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар, қауіпсіздік шаралары және тәрбиелік іс-шаралар туралы кеңінен мәлімет ұсынды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, мұндай ашық форматтағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Бұл экскурсия – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара сенім мен серіктестікті арттыруға бағытталған игі бастамалардың бірі болды.

Жауапты: Д.Каужимова \клуб жетекшісі\, Г.Бидағұлова /тәлімгер/

https://www.instagram.com/p/DU0dmdODYfM/

      

️ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Ұшқыр ой” дебат клубымен бірлесе ұйымдастыруымен дебат клубы мүшелерінің арасында “Day Off Quiz” атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың білімін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, жылдам әрі дәл шешім қабылдауға баулу және бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге бағыттау болды.

Ойынға әр сыныптан жасақталған үш команда қатысып, өзара білім сайысына түсті. Қатысушыларға тарих, әдебиет, жаратылыстану, спорт, логика, заманауи трендтер секілді түрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, командалар шапшаң жауап беріп, белсенді түрде жарысты. Әр кезең аяқталған сайын әділқазылар алқасы командалардың жинаған ұпайларын есептеп, нәтижелерді жариялап отырды.

Зияткерлік ойын барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тапқырлығын, жылдамдығын, логикалық ойлауын, еркін сөйлеу дағдыларын танытты. Тартысты өткен ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, командамен жұмыс істеу, бір-бірін қолдау, достық қарым-қатынасты нығайту секілді маңызды құндылықтардың қалыптасуына әсер етті.

Шара жоғары деңгейде өткізіліп, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады әрі дебат клубының жұмысына жаңа серпін берді.

https://www.instagram.com/p/DRMG8UbjWZQ/?hl=ru

 

Жауапты: А.Әшібай /ҚББП/
Г.Бидағұлова /тәлімгер/.

️”ЖАС ҰЛАН” ЖИЫНЫ ӨТТІ

2025 жылдың 24 қазан күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 5-сынып оқушыларын “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Бұл — жас буынды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі.

Шара мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталды. Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде сахнаға әкелініп, Әнұран шырқалды. Бұл сәт барлық қатысушыларға зор рух беріп, патриоттық сезім ұялатты.

Мектеп директоры Ж.Т.Қуантаева құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды жауапты сәттерімен құттықтады. Ол өз сөзінде:
“Жас Ұлан” ұйымына мүше болу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл ұйым – ел болашағын сеніп тапсыратын, білімді де тәрбиелі ұрпақтың бастауы” — деп атап өтті.

Іс-шара барысында оқушылар ұйымның антын қабылдап, ұланбасы аға тәлімгерге рапорт берді. Рәсім барысында ұйымның арнайы сертификаттары табысталды.

Бұл шара жас өрендердің бойына отансүйгіштік, жауапкершілік, достық пен бірлік сияқты құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Жаңадан қабылданған жас ұландарға ел игілігі жолында табысты, белсенді болуды тілейміз.

https://www.instagram.com/p/DQdhfGADMbl/?hl=ru

       
       
 

 


Жауапты:Г.Бидағұлова /тәлімгер/

 

️ДУБЛЕР КҮНІ

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 3 қазан күні дәстүрлі түрде ерекше күн – “Дублёр күні” өтті. Бұл күннің басты ерекшелігі – “Мектеп парламенті” мүшелері ұстаз орнында болып, сабақ жүргізді.

✨ 10,11-сынып оқушылары, яғни “Мектеп Парламенті” мүшелері өздерін бір күнге мұғалім ретінде сынап көрді. Олар мұғалімдердің еңбегін сезіну үшін алдын ала сабақтарына мұқият дайындалып, қысқа мерзімді жоспарларын құрып, түрлі көрнекіліктерін әзірледі. Әр сабаққа ерекше жауапкершілікпен кіріскен жас ұстаздар 2-9 сынып оқушыларына қызықты да мазмұнды дәрістер өткізді.

📚 Сабақ барысында оқушылар жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, топтық жұмыстар, ойын элементтері, түрлі тапсырмалар арқылы сабақты тартымды етті. Ал кіші сынып оқушылары ағалары мен апаларына қызыға қарап, үлкендерден үлгі алып, ерекше әсерге бөленді.

🔹 Бұл күн жоғары сынып оқушылары үшін ұстаздық еңбектің жауапкершілігін сезінуге үлкен мүмкіндік болса,
🔹 Бастауыш пен орта буын оқушылары үшін – көшбасшы болуға, өз қатарларынан үйренуге тамаша сабақ болды.

Мұндай дәстүрлі шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұжымшылдық пен ұйымшылдыққа баулып, ең бастысы – ұстаз мамандығына деген құрметті арттырады.

💡 “Дублёр күні” – мектеп өміріндегі ерекше дәстүр ғана емес, оқушыларды болашаққа жетелейтін, жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды тәжірибе!

👏 Бұл күнді жоғары деңгейде ұйымдастырған белсенді жастарымызға алғыс білдіреміз!

https://www.instagram.com/p/DPf5SWDDXoZ/?hl=ru

https://www.instagram.com/p/DPgdjLzDAHQ/?hl=ru

  

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»