Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

«Ата – аналардың 10 минуттық диагностикасы»

Мәлімет

          2026 жылдың 10 қыркүйек күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп психологінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған «Ата-аналардың 10 минуттық диагностикасы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараға 35 ата-ана қатысты.

         Тренингтің мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, баланың ішкі жан дүниесін түсінуге және отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағыт-бағдар беру.

        Тренинг барысында ата-аналар баламен дұрыс қарым-қатынас жасау, оған көңіл бөлу, баланың сезімі мен ойын түсіне білу, отбасындағы жылы қарым-қатынасты сақтау бағытында түрлі психологиялық тапсырмалар мен жаттығулар орындады.

      Ата-аналар тренингке белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер айтылып, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы түсіндірілді.

      Іс-шара соңында ата-аналар кері байланыс жасап, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар тренингтің пайдалы әрі мазмұнды өткенін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DdBGF2cNwHi/?stkn=MWRlaGU2ZDN1czBzaQ==

Мектеп психологі: А.Н. Бримбетова

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»