«Мектепке жол» акциясы
Республикалық «Мектепке жол» жалпыұлттық акциясы аясында Батпақкөл ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына демеушілік көмек ұйымдастырылды. Шара барысында Батпақкөл ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен «Қазақ-Ойл» компаниясы 116 оқушыға сөмкелер мен оқу-құралдар тарту етті.Сонымен қатар Мұғалжар аудандық кәсіподақ ұйымы мектебіміздің кіші қызметкерінің баласына 8000 тг көлемінде сөмке мен оқу-құралдар тарту етті.
Бұл игі бастаманың басты мақсаты — әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында материалдық әрі моральдық қолдау көрсету, сондай-ақ олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында жүзеге асырылған бұл шара өскелең ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған.
|
№ |
Демеушінің атауы |
Суммасы |
|
1 |
«Қазақ-Ойл» компаниясы |
1052976тг |
|
2 |
Кәсіподақ |
8000тг |
|
|
|||
|
|
|||





