Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

                                           Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі


     Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің 2-сынып оқушыларына “Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

    Іс-шара барысында мектеп медбикесі оқушыларға күнделікті тұтынатын тағамдардың пайдалы және зиянды түрлерін ажырату жолдарын түсіндіріп, дұрыс тамақтану ережелерімен таныстырды.

    Сонымен қатар балаларға таңғы астың маңызы, күнделікті режим мен жеке бас гигиенасы туралы кеңес берді. Клас жетекшісі балаларға түрлі сұрақтар қойып, қызықты ойындар ұйымдастырды.
    Сабақ соңында оқушылар өздерінің күнделікті тамақтану әдеттері туралы айтып, пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

    Сынып сағаты өте әсерлі өтті. Оқушылар дұрыс тамақтану туралы жаңа мәліметтер алып, денсаулықтың басты кепілі – салауатты өмір салты екеніне көз жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DPS1vTbDCm3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXh5eXhrZzZwNHRyeg==

     

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

                                            Бракеражды комиссия жұмысы
      Мектеп асханасында дайындалатын тағамдардың сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін және асхана жағдайын бақылау мақсатында бракераждық комиссия құрамы асханаға тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесі:
      Дайын тағамдардың сапасы – талаптарға сай. Тағамдардың дәмі, иісі және сыртқы түрі қанағаттанарлық.
      Сақтау мерзімі және шарттары – тексерілген өнімдердің жарамдылық мерзімі     дұрыс, сақтау температурасы нормаға сәйкес.
      Гигиеналық талаптар – асхана таза, қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген, қол жуатын орындар бар.
      Қауіпсіздік шаралары – тағам әзірлеу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталған.
Тексеру нәтижесінде мектеп асханасындағы тағам сапасы мен санитарлық жағдай жалпы алғанда қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды. Қызметкерлер тарапынан санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.

https://www.instagram.com/reel/DPNyfCZDJOc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=eGp4YjZ5bXkzeDN3

     

Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог

/

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде  әлеуметтік мәртебесіне байланысты 2 оқушы  және 1-4 сынып аралығында 82 бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілуде. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуын, тамақтану сапасын мерзімдік бақылау мақсатында бракеражды және мониторингтік  комиссия құрылып, құрамы бекітіліп, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалды. Асхананың күнделікті жұмысын, тазалығын мектеп медбикесі бақылап отырады. Ас мәзірімен асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы,шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақытылы толтырылуын, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігі қаралады.

                       

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде  әлеуметтік мәртебесіне байланысты 2 оқушы  және 1-4 сынып аралығында 82 бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілуде. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуын, тамақтану сапасын мерзімдік бақылау мақсатында бракеражды және мониторингтік  комиссия құрылып, құрамы бекітіліп,оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалды. Асхананың күнделікті жұмысын, тазалығын мектеп медбикесі бақылап отырады. Ас мәзірімен асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы,шикізаттың жеткілікті қолданылуы,дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақытылы толтырылуын,бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігі қаралады.

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»