Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Ізденіс, игілік, шабыт – бастауыштан басталады» атты бастауыш сыныптар апталығы аясында «Қалдықтан – ғажайыпқа!» іс-шарасы өтті.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қалдық материалдарды қайта пайдалануға үйрету және табиғатты аялауға тәрбиелеу.Оқушылар қалдық материалдардан өз қолдарымен жасаған бұйымдарына шағын сыйлықтартабысталды. Ұйымдастырған::"Бастауыш  мұғалімдері "

 

*Ата-аналарға арналған кеңес*

Тақырыбы: «Баланың  топқа бейімделуі»

Мақсаты: Баланың  топқа  бейімделуіне қолдау көрсету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

 топқа бейімделу – бала өміріндегі маңызды кезең. Жаңа ортаға үйрену барысында балада қобалжу, жылау, ата-анасынан ажырағысы келмеу сияқты жағдайлар кездесуі мүмкін. Бұл – бейімделу кезеңінде байқалатын қалыпты құбылыстар.

Ата-аналарға ұсыныстар:

    • Үйдегі күн тәртібін балабақша тәртібіне жақындатыңыз.
    • Баламен балабақша туралы жағымды әңгімелесіңіз.
    • Баланы өздігінен киінуге, тамақтануға және жеке гигиенаны сақтауға үйретіңіз.
    • Баламен қоштасқанда сабырлы әрі мейірімді болыңыз.
    • Баланың жетістіктерін мадақтап, қолдау көрсетіңіз.
    • Тәрбиешімен үнемі байланыста болыңыз

Қорытынды: Баланың балабақшаға бейімделуі ата-ана мен тәрбиешінің бірлескен жұмысына байланысты. Әр балаға түсіністікпен қарап, мейірімділік пен қолдау көрсету маңызды.

Күтілетін нәтиже: Баланың жаңа ортаға біртіндеп үйренуіне жағдай жасалып, ата-аналардың бейімделу кезеңі туралы түсінігі артады.

 

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық

КПР бойынша 5 жасқа дейінгі бір баламен жүргізілген жұмыс туралы қысқаша мәлімет

Кеңес беру пункті (КПР) аясында 5 жасқа дейінгі бір баламен жеке жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында баланың жас ерекшелігіне сәйкес танымдық қабілетін, сөйлеу тілін, ұсақ қол моторикасын және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған ойын тапсырмалары ұйымдастырылды.

Ата-анасына баланың үй жағдайында дамуына ықпал ететін ойындар мен жаттығулар бойынша кеңестер берілді.

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

жанындағы шағын орталық    «БЕСКЕ ДЕЙІН ҮЛГЕР»

🌸  – БАЛА ДАМУЫНА ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ!

Бала болашағы – бүгінгі тәрбиеден басталады!

Балабақшаға бармайтын балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету мақсатында ата-аналарға арналған «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады.

Бұл қосымша – баланың ерте жастан дұрыс дамуына, ойлау қабілетінің қалыптасуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, қиялы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ететін пайдалы құрал.

🌷 Қосымшаның негізгі мақсаты:

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес дамуына жағдай жасау, ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша бағыт-бағдар беру және отбасындағы тәрбиелік жұмысты қолдау.

🌷 Қосымшаның тиімділігі:

  • Баланың танымдық қабілетін дамытады.
  • Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
  • Ойлау, есте сақтау және қиялдау қабілеттерін дамытады.
  • Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтады.
  • Үй жағдайында қызықты әрі пайдалы іс-әрекеттер ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біздің шағын орталықта ата-аналарға кеңес беру жұмыстары аясында «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасының маңыздылығы түсіндіріліп, оны тиімді пайдалану жолдары ұсынылады.

🌼 Құрметті ата-аналар!

Балаңызбен бірге өткізген әрбір сәт – оның жарқын болашағына қосқан үлесіңіз. Балаңыздың алғашқы қадамдарын қолдап, бірге ойнап, бірге үйреніп, бірге дамуға уақыт бөліңіз!

Бақытты балалық шақ – жарқын болашақтың негізі!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»