⚜️МАМАНМЕН СҰХБАТ-ЖҰМЫСТАҒЫ БІР КҮН⚜️
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында және Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10-11 сыныптың оқушылары ауылдық дәрігерлік амбулатория,спорт кешені мен балабақшаға барып, медицина қызметкерлері және музыка жетекшісінің мамандықтарымен танысты.
Ауылдық амбулатория мен спорт кешенінде оқушылар медицина қызметкерінің күнделікті жұмысымен танысып, адам денсаулығын сақтаудағы жауапкершілігі мен еңбегінің маңызын білді.
Ал балабақшада музыка жетекшісінің шығармашылық жұмысын бақылап, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырудағы рөлі туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың мамандықтар әлемі туралы танымын кеңейту, түрлі кәсіп иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және болашақ мамандықтарын саналы таңдауға бағыт беру,сонымен қатар күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру.
Бұл кездесу оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі мен қоғамдағы маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Өткізген: А.Т.Утебасова






