«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
жанындағы шағын орталық «БЕСКЕ ДЕЙІН ҮЛГЕР»
🌸 – БАЛА ДАМУЫНА ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ!
Бала болашағы – бүгінгі тәрбиеден басталады!
Балабақшаға бармайтын балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету мақсатында ата-аналарға арналған «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады.
Бұл қосымша – баланың ерте жастан дұрыс дамуына, ойлау қабілетінің қалыптасуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, қиялы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ететін пайдалы құрал.
🌷 Қосымшаның негізгі мақсаты:
Баланың жас ерекшелігіне сәйкес дамуына жағдай жасау, ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша бағыт-бағдар беру және отбасындағы тәрбиелік жұмысты қолдау.
🌷 Қосымшаның тиімділігі:
- Баланың танымдық қабілетін дамытады.
- Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
- Ойлау, есте сақтау және қиялдау қабілеттерін дамытады.
- Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтады.
- Үй жағдайында қызықты әрі пайдалы іс-әрекеттер ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Біздің шағын орталықта ата-аналарға кеңес беру жұмыстары аясында «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасының маңыздылығы түсіндіріліп, оны тиімді пайдалану жолдары ұсынылады.
🌼 Құрметті ата-аналар!
Балаңызбен бірге өткізген әрбір сәт – оның жарқын болашағына қосқан үлесіңіз. Балаңыздың алғашқы қадамдарын қолдап, бірге ойнап, бірге үйреніп, бірге дамуға уақыт бөліңіз!
Бақытты балалық шақ – жарқын болашақтың негізі!






