«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Тәрбие жұмысы
Қазақстан Республикасындағы Еңбек күні мерекесіне орай, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Менің жетістігім – менің нәтижем”тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу, әрбір жетістіктің артында үздіксіз ізденіс пен маңдай тер жатқанын ұғындыру. Іс-шара барысында оқушылар «Жетістік дегеніміз не?», «Жетістікке қалай жетуге болады?», «Еңбек пен нәтиженің байланысы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. Өздерінің оқу, спорт, шығармашылық және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері туралы әңгімелеп, сол нәтижеге жету жолындағы еңбектері мен алға қойған мақсаттарын ортаға салды.
Сынып сағаты оқушыларға әрбір кішкентай қадамның үлкен нәтижеге бастайтынын, ал табысқа жетудің негізгі кілті – еңбек, талап, тәртіп және табандылық екенін түсінуге мүмкіндік берді.
Өткізген: Д.Е.Еркинова /сынып жетекші/
https://www.instagram.com/reel/DdjJXA8tdD-/?stkn=dWN6dng2eDRucjUz
Орындаған: Ж.Б.Бокашева /дтіжо/
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Тәрбие жұмысы
«МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ-МЕНІҢ НӘТИЖЕМ» СПОРТТЫҚ ШАРА
2026 жылғы Еңбек күні мерекесіне орай, Ақтөбе облыстық білім басқармасының 15.09.2026 жылғы №01-00/2238 шығыс хаты негізінде Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 7–8 сынып оқушылары арасында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында спорттық шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, олардың шапшаңдығын, төзімділігін, ептілігін арттыру, командада бірлесе әрекет ету дағдыларын дамыту болды. Спорттық сайыс қызықты әрі тартысты кезеңдерден құрылды. Атап айтқанда, қатысушылар «Шеңбердегі шапшаңдық», «Шеңбердегі жүйріктер», «Кедергіге төтеп бер», «Бірлік – жеңіс кепілі», «Бірлікпен алға», «Әр тамшы маңызды» ойындары бойынша өзара сынға түсті.
Әр кезеңде оқушылар өздерінің жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін және ұйымшылдығын көрсете білді. Командалық тапсырмалар барысында бір-біріне қолдау көрсету, ортақ мақсатқа жұмыла әрекет ету, жауапкершілік пен өзара түсіністік танытуға ерекше мән берілді. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
Шара қорытындысы бойынша І орынды 7-сынып оқушылары, ІІ орынды 8 «А» сынып оқушылары, ІІІ орынды 8 «Ә» сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жетістіктері атап өтіліп, олардың белсенділігі мен командалық бірлігі жоғары бағаланды.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі жоғары деңг
ейде ұйымдастырылды.
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Тәрбие жұмысы
⚜️ШАХМАРДАН ЕСЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ⚜️ Білім биігін бағындырған азамат,көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Шахмардан Есеновтің туғанына 100 жыл толуына орай танымдық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың біртуар ғалымы, академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтің өмір жолымен, ғылым мен білім саласына қосқан өлшеусіз үлесімен таныстыру. Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық қасиеттерін қалыптастыру және үлгі ету. Оқушыларға ғалымның жас кезінен ғылымға бет бұрып, еліміздің геология саласын дамытуға қосқан үлесі түсіндірілді.
Оның Қазақ ССР Геология министрі, Ғылым академиясының президенті қызметтерін атқарып, жас ғалымдарға қолдау көрсеткені туралы бейнематериалдар көрсетілді. 5-сынып оқушылары танымдық сабаққа белсене қатысып, қайраткер туралы өлең шумақтарын оқып, өз ойларын ортаға салды.
Өткізген: Жоламанова У.А. /сынып жетекші/
https://www.instagram.com/reel/Dd21dhVsMg
https://www.instagram.com/reel/DeQw3WDteSs/?psln=Y2Y2aGR1YXF3bHc1

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»