«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
29 ҚАЗАН – ҚАМҚОРШЫЛАР КҮНІ
Қамқорлықтағы оқушылардың Қамқоршыларымен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту, қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 29 қазан Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен елімізде Қамқоршы күні атап өтіледі, бұл ерекше мереке әртүрлі себептермен қасында ата-анасы жоқ балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған адамдарға арналған. Осы орайда, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Алтын ұя» студия төріне мектебіміздің қамқоршылары Гулмиза Елюбаевна шақырылды. Шара барысында тәрбиелік мәні зор әңгімелесу болды. Мектеп психологы қамқоршылармен «Кең жүрек» тренингін, әлеуметтік педагог бала жаны жайлы ой бөлісіп, «Ащы пияз» тапсырмасын жүргізді. Оқушы туралы сынып жетекшілерінен жақсы білетін адам жоқ, с ынып жетекшісі Дамира Еркінқызы бірнеше сұрақтар қойып, қамқорлықтағы оқушыға мінездеме берді. Кездесу соңында естелік сыйлықтар мен қамқоршыларға мектеп директоры ұрпақ тәрбиесіне және баланың жан-жақты дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Жауапты: А.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ»
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің барлық сынып оқушылары «Жақсылық жасап жарысайық» челленджіне белсене қатысып, бірауыздан атсалысты. Бұл игі бастама оқушылардың мейірімділік, жанашырлық және қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін арттыруға бағытталды. Әр сынып өз үлесін қосып, қолдан келгенше азық-түлік жинауға күш салды. Оқушылар ғана емес, ұстаздар мен ата-аналар да бұл шарадан тыс қалмай, қолдау білдірді.
Челлендж барысында жиналған азық-түліктер сұрыпталып, арнайы қаптарға салынды. Ұйымдастырушылар мұқтаж жандардың жағдайын ескеріп, көмекті әділ әрі тиімді түрде үлестіруге мән берді. Нәтижесінде жиналған азық-түлік ауылымыздағы жағдайы төмен 7 отбасыға табысталды. Әр отбасы көрсетілген көмекті үлкен ризашылықпен қабылдап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Бұл шара оқушыларға тек қайырымдылық жасаудың маңызын ұғындырып қана қоймай, қоғамға пайдалы болудың жарқын үлгісін көрсетті. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
https://www.instagram.com/stories/highlights/17992040291945938/
Жауапты: А.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
НАУРЫЗНАМА
15- НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
«ЖАҚСЫЛЫҚҚА БІР ҚАДАМ»
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күні ретінде атап өтіледі. Осы игі мерекеге орай Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Жақсылыққа бір қадам” атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетіп, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Жәрмеңкеге мектептің 5–7 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен ынтымағын көрсетті. Әр сынып алдын ала дайындалып, түрлі тәтті тағамдар, үйде дайындалған бәліштер, бауырсақтар, тәтті тоқаштар, сусындар алып келді. Оқушылар өздері дайындаған өнімдерін жәрмеңкеге ұсынып, сатып алушыларға жылы шыраймен қызмет көрсетті.
Балалардың белсенділігі мен ынтасы жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты. Жиналған қаражаттың барлығы жетім баланың тұрғын үйге жинап жатқан есепшотына аударылды.
Бұл жәрмеңке оқушыларға тек сауда жасау емес, жақсылық жасау, бір-біріне көмектесу, қоғамға пайдалы болу сияқты маңызды құндылықтарды түсінуге мүмкіндік берді. Осындай игі шаралар балалардың жүрегіне мейірім ұялатып, оларды қайырымды әрі жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
https://www.instagram.com/reel/DV5nUymjbOM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
“ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ”
Батпақкөл ауылдық округі әкімінің сұранысы негізінде Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық, мектепалды даярлық тобы мен 1–11 сынып оқушыларына «Қазақ Ойл Актобе» ЖШС компаниясы тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.
Аталған игі бастама – өскелең ұрпаққа көрсетілген зор қамқорлық пен мейірімділіктің айқын көрінісі. Балалардың жүзінде қуаныш сыйлап, жаңа жыл мерекесіне ерекше көңіл күй сыйлаған бұл қолдау оқушылар үшін үлкен қуаныш болды.
Осы орайда, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы, ата-аналар және оқушылар атынан «Қазақ Ойл Актобе» ЖШС басшылығына және Батпақкөл ауылдық округі әкімдігіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай қайырымды істеріңіз алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық және мол жетістік тілейміз.
Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
https://www.instagram.com/p/DS6x1OODBnV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»








