«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ

2025 жылы 17 қазан күні аудандық білім бөлімінің әдіскері Шүренова Сауле Нұрланқызы @sakon0793 «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ білім беру мекемесіне іс-сапармен келіп, мектеп асханасының жұмысын және әлеуметтік педагогтың қызметін зерделеу мақсатында жоспарлы тексеріс жүргізді. Сонымен қатар, мектебімізде жүріп жатқан “Мектеп президенті - 2025” сайлауына өз дауысын берді.
Тексеріс барысында қаралған негізгі мәселелер:
1. Әлеуметтік педагог және мектеп асханасының қызметі:
o Ас мәзірінің санитарлық талаптарға сәйкестігі;
o Оқушыларға ұсынылатын тамақтың сапасы, көлемі және әртүрлілігі;
o Тамақтану процесінің ұйымдастырылуы (тазалық, тәртіп, уақтылығы);
o Тамақтануға жауапты қызметкерлердің жұмыс тәртібі мен санитарлық нормаларды сақтау деңгейі.
o Құжаттамалардың жүргізілуі.
Тексеріс қорытындысы бойынша:
Мектеп асханасының жұмысы қойылған талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды.
Барлық бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырғаны және қажетті құжаттамалар толық және талапқа сай екені расталды.
https://www.instagram.com/reel/DP6V_B8DBPU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты:А.Ғайниденова /әлеуметтік-педагог/
2025-2026 ж “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясы
Қамқор” жобасы және “Еңбегі адал жас өрен” жобасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясына 10- сынып оқушылары қатысты.
Мектеп ауласын тазалау, оқушыларды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында сенбілік жұмыстарына белсене жүргізді. Олар мектеп ауласын қоқыстан тазалап, гүлзарлар мен ағаштардың айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар, жиналған жапырақтар мен бұтақтар арнайы қаптарға салынып, қоқыс алаңына шығарылды.
https://www.instagram.com/reel/DPLIXKyjHrG/?utm_source=ig_web_copy_link
Орындаған: Г.Ж.Бидағұлова /тәлімгер/
А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
“Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясы
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
“Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясы
“Қамқор” жобасы және “Еңбегі адал жас өрен” жобасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясына 10- сынып оқушылары қатысты.
Мектеп ауласын тазалау, оқушыларды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында сенбілік жұмыстарына белсене жүргізді. Олар мектеп ауласын қоқыстан тазалап, гүлзарлар мен ағаштардың айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар, жиналған жапырақтар мен бұтақтар арнайы қаптарға салынып, қоқыс алаңына шығарылды.
https://www.instagram.com/reel/DPLIXKyjHrG/?utm_source=ig_web_copy_link
Орындаған: Г.Ж.Бидағұлова /тәлімгер/
А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
«Отбасы тәрбиенің алтын бесігі»
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
«Отбасы тәрбиенің алтын бесігі»
Отбасы – тәрбие мен адамгершіліктің алғашқы бесігі. Отбасы күні мерекесіне орай, ауылымыздың көпке үлгі болар өнегелі шаңырағы, көпбалалы, Күміс алқа иегері — Өтеулиндер әулетін мектеп әкімшілігі сабақта жүрген балаларымен арнайы барып,мектеп директоры Ж.Т.Курантаеваның құттықтау хатын жеткізіп,себет толы тәттілер тарту етті.
Өтеулиндер әулеті — ата мен ананың сыйластығы, бала мен немеренің тәрбиесі жарасқан, бірлік пен мейірімнің ордасына айналған отбасы. Бұл әулет – ұрпақ тәрбиелеуде өз ұстанымдары мен ізгі дәстүрлерін берік сақтап, ауылдағы игі бастамалар мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген абыройлы отбасы.
Мектебімізде білім алып жүрген балалары да тәртіпті, білімге құштар, мәдениетті мінезімен, белсенділігімен ерекшеленіп, ата-ана тәрбиесінің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Осындай өнегелі отбасылар көбейе берсін! Өтеулиндер әулетіне амандық, шаттық, бақыт пен баянды ғұмыр тілейміз!
Ұрпақтарыңыз елінің тірегі, халқының сүйікті ұлы мен қызы болғай!
https://www.instagram.com/reel/DOp6L_TjVpG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=dGRkaGNia3BvZXpq
Орындаған: Ж.Б.Бокашева /ДТІЖО/
А.Н.Бримбетова /ұйымдастырушы педагог/
Г.Ж.Бидағұлова /тәлімгер/
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»







