«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің 2-сынып оқушыларына “Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында мектеп медбикесі оқушыларға күнделікті тұтынатын тағамдардың пайдалы және зиянды түрлерін ажырату жолдарын түсіндіріп, дұрыс тамақтану ережелерімен таныстырды.
Сонымен қатар балаларға таңғы астың маңызы, күнделікті режим мен жеке бас гигиенасы туралы кеңес берді. Клас жетекшісі балаларға түрлі сұрақтар қойып, қызықты ойындар ұйымдастырды.
Сабақ соңында оқушылар өздерінің күнделікті тамақтану әдеттері туралы айтып, пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
Сынып сағаты өте әсерлі өтті. Оқушылар дұрыс тамақтану туралы жаңа мәліметтер алып, денсаулықтың басты кепілі – салауатты өмір салты екеніне көз жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DPS1vTbDCm3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXh5eXhrZzZwNHRyeg==
Бракеражды комиссия жұмысы
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бракеражды комиссия жұмысы
Мектеп асханасында дайындалатын тағамдардың сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін және асхана жағдайын бақылау мақсатында бракераждық комиссия құрамы асханаға тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесі:
Дайын тағамдардың сапасы – талаптарға сай. Тағамдардың дәмі, иісі және сыртқы түрі қанағаттанарлық.
Сақтау мерзімі және шарттары – тексерілген өнімдердің жарамдылық мерзімі дұрыс, сақтау температурасы нормаға сәйкес.
Гигиеналық талаптар – асхана таза, қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген, қол жуатын орындар бар.
Қауіпсіздік шаралары – тағам әзірлеу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталған.
Тексеру нәтижесінде мектеп асханасындағы тағам сапасы мен санитарлық жағдай жалпы алғанда қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды. Қызметкерлер тарапынан санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.
https://www.instagram.com/reel/DPNyfCZDJOc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=eGp4YjZ5bXkzeDN3
Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог
/
«Білім алушы, зерттеуге дайынсың ба?»
• Оқушыларға бірлік пен достықтың маңызын түсіндіру;
• Оқушыларды татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
• Бір-біріне көмектесу және сыйластық танытуға үйрету;
• Сыныпта жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;
• Достық пен қолдау мәдениетін дамыту.
Барысы:
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 3 «А» сынып оқушыларымен «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ басында оқушылармен амандасу жүргізіліп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру мақсатында сергіту жаттығулары ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, достық атмосферасын орнатты.
Сабақ барысында оқушыларға бірлік пен ынтымақ туралы түсінік берілді. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» мақалын талқылап, оның мағынасы түсіндірілді. Оқушылар достық, татулық және бір-біріне көмектесу туралы өз ойларын айтты.
Сонымен қатар түрлі ойындар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар бірлесіп жұмыс жасады. Олар ұйымшылдықтың маңызын түсініп, бір-біріне қолдау көрсетудің қажеттігін білді.
«Жылы лебіз» жаттығуы арқылы оқушылар сыныптастарына жақсы тілектер айтып, өзара сыйластық қарым-қатынасты нығайтты.
Сабақ соңында оқушыларға достық пен ынтымақты сақтау туралы түсіндірме берілді.
Қорытынды:
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларға қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде оқушылар бірлік пен ынтымақтың маңызын түсініп, достық пен сыйластықтың адам өміріндегі орнын ұғынды. Сыныпта жағымды көңіл күй мен өзара қолдау атмосферасы қалыптасты.

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»