«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
“Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясы
“Қамқор” жобасы және “Еңбегі адал жас өрен” жобасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” акциясына 10- сынып оқушылары қатысты.
Мектеп ауласын тазалау, оқушыларды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында сенбілік жұмыстарына белсене жүргізді. Олар мектеп ауласын қоқыстан тазалап, гүлзарлар мен ағаштардың айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар, жиналған жапырақтар мен бұтақтар арнайы қаптарға салынып, қоқыс алаңына шығарылды.
https://www.instagram.com/reel/DPLIXKyjHrG/?utm_source=ig_web_copy_link
Орындаған: Г.Ж.Бидағұлова /тәлімгер/
А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/




