Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

                                               «Отбасы тәрбиенің алтын бесігі»

     Отбасы – тәрбие мен адамгершіліктің алғашқы бесігі. Отбасы күні мерекесіне орай, ауылымыздың көпке үлгі болар өнегелі шаңырағы, көпбалалы, Күміс алқа иегері — Өтеулиндер әулетін мектеп әкімшілігі сабақта жүрген балаларымен арнайы барып,мектеп директоры Ж.Т.Курантаеваның құттықтау хатын жеткізіп,себет толы тәттілер тарту етті.

     Өтеулиндер әулеті — ата мен ананың сыйластығы, бала мен немеренің тәрбиесі жарасқан, бірлік пен мейірімнің ордасына айналған отбасы. Бұл әулет – ұрпақ тәрбиелеуде өз ұстанымдары мен ізгі дәстүрлерін берік сақтап, ауылдағы игі бастамалар мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген абыройлы отбасы.

   Мектебімізде білім алып жүрген балалары да тәртіпті, білімге құштар, мәдениетті мінезімен, белсенділігімен ерекшеленіп, ата-ана тәрбиесінің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

   Осындай өнегелі отбасылар көбейе берсін! Өтеулиндер әулетіне амандық, шаттық, бақыт пен баянды ғұмыр тілейміз!
Ұрпақтарыңыз елінің тірегі, халқының сүйікті ұлы мен қызы болғай!

https://www.instagram.com/reel/DOp6L_TjVpG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=dGRkaGNia3BvZXpq

Орындаған: Ж.Б.Бокашева /ДТІЖО/

                   А.Н.Бримбетова /ұйымдастырушы педагог/

                   Г.Ж.Бидағұлова /тәлімгер/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»