«Қайырымдылық әрбір адамның азаматтық парызы». Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс- шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Жанашыр Жүрек» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы бастау алды. Осы акция барысында хабарландыру жасалды.
Акцияның мақсаты — мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық мәдениетін дамыту.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну әрбір азаматтың адами парызы деп білемін. Акция төңірегінде «Жаңажол ЖББОМ» ұжымы қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды. Жиналған қаражат Ембі қаласының тұрғыны Досанова Асел Боранбайқызының еміне аударылды.
https://www.instagram.com/p/DP1H78lDMnu/?igsh=MWFobGR4c2dmMHc2Yw==
Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/




