Іс-шара атауы: «Бір қолмен – үлкен нәтиже!» психологиялық тренинг
Өткізілген күні: 14.04.2026 ж
Жауапты: А.Н. Бримбетова, мектеп психологы
Мақсаты:
– Ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықты нығайту;
– Қатысушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру;
– Топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
– Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Өткізілу барысы:
Тренинг барысында қатысушылар жұптарға бөлінді. Әр жұпқа арнайы суреттер ұсынылды. Тапсырма шарты бойынша жұптағы бір қатысушы суретті тек бір қолмен қиып шығуы тиіс болды, ал екінші қатысушы қағазды ұстап тұрып, бағыт беріп, көмектесіп отырды.
Жаттығу басында кейбір жұптарда қиындықтар байқалды. Қию барысында ыңғайсыздық туындап, әрекеттерді үйлестіру оңай болмады. Дегенмен, қатысушылар бір-бірімен ақылдасып, сөйлесу арқылы өзара түсіністікке келіп, жұмысты біртіндеп жүйелей бастады. Бір қатысушы қиюды мұқият орындаса, екіншісі қағазды дұрыс ұстап, қолайлы жағдай жасады.
Қорытынды:
Жаттығу барысында қатысушылар бір-біріне тәуелді әрекет етудің маңыздылығын түсінді. Нәтижесінде әр жұп бір-бірін толықтырып, үйлесімді жұмыс жасап, тапсырманы сәтті орындады. Қатысушылар арасында сенім, ынтымақтастық және өзара қолдау дағдылары қалыптасты.
Ұсыныстар:
– Осындай ұжымдық тренингтерді тұрақты түрде өткізу;
– Оқушылар мен мұғалімдер арасында топтық жұмыстарды көбейту;
– Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығуларды енгізу.
https://www.instagram.com/reel/DXbSO0bjV3s/?igsh=YWQ0YzBrbGI0Nmt3




