Тақырыбы:
«Жүректен жүрекке» тренингі
Мақсаты:
• Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
• Ұжымдық қарым-қатынасты нығайту;
• Қатысушылардың көңіл күйін көтеру және өзара қолдау көрсету;
• Позитивті ойлау мен ынтымақтастықты дамыту.
Барысы:
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде мұғалімдер арасында «Жүректен жүрекке» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар бір-біріне жүрек бейнесін ұсынып, өз есімдерін айтып таныстырды және «Мен өзіммен бірге...» деген сөйлемді жалғастырып, өздерінің жақсы қасиеттері мен көңіл күйлері туралы ой бөлісті.
Жаттығу кезінде мұғалімдер бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, еркін қарым-қатынас орнатты. Тренинг қатысушылардың өзара сыйластығын арттырып, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.
Тренинг соңында қатысушыларға мотивациялық сөздер жазылған парақшалар таратылды. Мұғалімдер көтеріңкі көңіл күймен тренингтен жақсы әсер алғандарын жеткізді.
Қорытынды:
Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, жаттығуларға қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде мұғалімдердің көңіл күйлері көтеріліп, ұжым арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптасты. Қатысушылар тренингтің пайдалы әрі әсерлі болғанын атап өтті.




