Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Ізденіс, ізгілік, шабыт-бастауыштан басталады” атты бастауыш сыныптар апталығының жоспарына сәйкес 4-сыныптар арасында “Жүйріктер додасы” интеллектуалдық сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың негізгі пәндер бойынша білімдерін тексеру, логикалық ойларын дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сайыс мынадай турлардан тұрды:
1. “Тез ойла”
2. ” Кім жылдам?”
3. ”Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл”
1. “Тапқырлар тартысы”
2. ”Өлеңдер әлемі” .
Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, есептер шығарып, сөздерді үш тілде аударып, жаратылыстану пәндерінен түрлі тапсырмалар орындап, өлеңдерді жалғастырып айтты. Сайыс соңыда жинаған ұпай сандары есептеліп, сыйлықтармен марапатталды.





