Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі. МАД"А" сыныбы.
Ашық сабақ: Тақырыбы: "Мамандықтар әлемі"Сабақтың мақсаты – балаларды дәрігер, шаштараз, аспаз, құрылысшы және өрт сөндіруші мамандықтарымен таныстыру, олардың еңбегі мен құралдарын ажыратуға, өз ойын толық сөйлеммен жеткізуге үйрету.Сабақ барысында балалар «Жұмбақ қорап» ойынында заттарды атап, оларды кім қолданатынын айтты. «Кімге не қажет?» ойынында құралдар бейнеленген карточкаларды тиісті мамандықтармен сәйкестендірді, ал сергіту сәтінде мамандардың әрекетін қимыл арқылы көрсетті. Сабақ соңында әр бала өзіне ұнаған мамандықты таңдап, неліктен
ұнағанын бір сөйлеммен жеткізді.
Тәрбиешісі: Г. Б. Наурызова








