🌙 ТҮНГІ КЕЗЕКШІЛІК – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде күзгі каникул кезінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Еріктілер” тобының мүшелерінің қатысуымен түнгі кезекшілік ұйымдастырылды.
Кезекшілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен жастардың көп жиналуы мүмкін аумақтар назарға алынып, профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың бос уақытын қауіпсіз өткізуіне ықпал ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Мұндай профилактикалық шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық тәрбие жұмыстарын нығайтуға бағытталған.
✅ Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!




