⚜️КҮЗГІ КАНИКУЛ УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ⚜️Мұғалжар аудандық білім бөлімінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық акциясына сәйкес, сонымен қатар,күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында биология пәнінің мұғалімі Қ.Батырторы 7-сыныптың қыз балаларымен оқу кабинетінде тәжірибелік жұмыс өткізді.Іс-шара барысында оқу кабинетінде өсіріліп жатқан бөлме гүлдерін көбейту жұмыстары жүргізілді. Оқушылар гүлдердің түптерін бөлу және қайта отырғызу тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, өсімдіктерге дұрыс күтім жасаудың маңыздылығымен танысты. Сонымен қатар табиғатты қорғау, жасыл желекті көбейту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбекке баулуға және күзгі каникул уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге бағытталды.
Өткізген: Қ.Батырторы /биология пәнінің мұғалімі/





