⚜БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ⚜
2026 жылдың 1 қыркүйек күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің 7 - сыныбында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсініктерін кеңейту, олардың құқықтары мен міндеттерін білуге, заңды құрметтеуге, адалдыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. Сынып оқушылары «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Зерделі ұлт», «Толық адам» топтарына бөлініп, топтық жұмыстар жүргізді.
Оқушыларға «Қазақстан азаматы қандай болуы керек?», «Жауапты азамат қандай болады?», «Егер қоғамда заң болмаса не болар еді?» деген сұрақтар қойылып, өз ойларын ортаға салды.
Сынып сағатының барысында «Құндылықтар картасы» тапсырмасы орындалып, оқушылар адам бойындағы адалдық, білімділік, еңбекқорлық, жауапкершілік, табиғатты қорғау сияқты құндылықтар туралы өз пікірлерін білдірді.
Өткізген: Д.Г.Каужимова /сынып жетекші/
https://www.instagram.com/reel/Dc0uWe6Ndaz/?stkn=MWRyYXBxejZydXAzMA=




