АТА- АНАЛАРҒА БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖАДНАМА ТАРАТУ
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде білім алушылар арасында буллингтің (қорқыту, әлімжеттік көрсету) алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға буллингтің мәнін, оның түрлерін, бала психологиясына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын кеңінен насихаттау болып табылады. Осы бағытта мектеп әкімшілігі мен педагог-психолог мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында ата-аналарға буллинг ұғымы, оның физикалық, психологиялық және кибербуллинг сияқты түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, буллингтің белгілерін ерте анықтау, баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, онымен ашық қарым-қатынас орнату қажеттілігі түсіндірілді. Мамандар ата-аналарға баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеппен тығыз байланыста болу және кез келген мәселені дер кезінде шешу маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ата-аналарға арнайы дайындалған жаднамалар таратылды. Жаднамада буллингтің алдын алу жолдары, балаға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері, сондай-ақ сенім телефондары мен жауапты мамандардың байланыс деректері көрсетілді.
Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді. Бұл өз кезегінде ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Қорытындылай келе, ұйымдастырылған түсіндірме жұмыстары ата-аналардың буллинг мәселесіне деген жауапкершілігін арттырып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасауға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DTsAHgODakW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/




