Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

  

2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Шенгелши НОМ базасында «ЖИ: әдістен әрекетке » тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы

анықтама

   Семинар мақсаты:

Білім алушыларға жасанды интеллект ұғымын, оның жұмыс істеу әдістерін және нақты әрекетке қалай айналатынын жан-жақты түсіндіру. Жасанды интеллекттің күнделікті өмірде, білім беруде, медицинада, өндірісте және басқа да салаларда қолданылуын мысалдар арқылы көрсету. Оқушылардың сыни ойлау, талдау, салыстыру және практикалық қолдану дағдыларын дамыту, жасанды интеллектті тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалануға үйрету. Сонымен қатар, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларға қызығушылығын ояту және болашақта өз идеяларын әрекетке айналдыруға ынталандыру.


Семинардың міндеттері:

1. Мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен таныстыру;

2. Оқу процесінде ЖИ құралдарын тиімді қолданудың жолдарын көрсету;

3. Цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;

4. ЖИ көмегімен саралап оқыту, дербестендіру және бағалау әдістерін ұсыну;

5. Педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, озық практикаларды таратуға жағдай жасау;

6. Жаңа технологияларды білім беру мазмұнына кіріктіру бағыттарын айқындау.

«Мені таны»тренингі

Тренингтің мақсаты:Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бір-бірін жақынырақ таныстыру, өзара сенім мен ашық қарым-қатынасты дамыту, шығармашылық ойлау мен өзін еркін білдіру дағдыларын арттыру.

Қатысушылар:

Мұғалімдер, семинарға қатысушылар

Қажетті құралдар:

Әр түрлі заттар, табиғат көріністері, жануарлар, күнделікті бұйымдар бейнеленген суреттер

Тренингтің жүру барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастырушы қатысушыларды жылы жүзбен қарсы алып, тренингтің мақсатын қысқаша түсіндіреді:

> «Қазір біз бір-бірімізді жақынырақ тану үшін шығармашылық танысу тренингін өткіземіз. Әрқайсыңыз өзіңізге ұнаған сурет арқылы өз қасиеттеріңізді таныстырасыздар

2. Суреттерді тарату: қатысушылар өздеріне ұнаған бір суретті таңдап алады.

3. Ойлану уақыты:

Қатысушыларға 1–2 минут уақыт беріледі. Осы уақытта олар таңдаған суреттегі жақсы қасиеттерді өздерінің жеке қасиеттерімен байланыстырып ойластырады.

4. Таныстыру кезеңі:

Әр мұғалім кезекпен сөз алып, мына үлгіде өзін таныстырады:

> «Мен өзімді осы суреттегі …-ға теңеймін, себебі оның … қасиеті менің … қасиетіме ұқсайды.»

Тренинг соңында семинарға қатысушыларға үлкен рахмет айта отырып, тәтті шоколадтарға жазылған мотивациялық сөздер таратылды.

Мектеп: Шеңгелши негізгі орта мектебі

Пәні: Бастауыш сынып мұғалімі

Мұғалім: Досмуратова Гулнур Хайруллаевна

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын оятып, ойлану және байланыс орнату арқылы сабақ тақырыбын интерактивті әрекет негізінде өз бетінше ашуына жағдай жасау.

Сабақтың тақырыбын ашуда қолданылатын әдістер:

1. Парковка әдісі

Мақсаты: Оқушылардың алдын ала білімін, қызығушылығын және сұрақтарын анықтау арқылы сабақ тақырыбын өздері болжауына мүмкіндік беру.

Қолданылуы (сабақтың басында):

– Оқушыларға тақырыпқа қатысты сурет, сөз, қысқа видео (HeyGen немесе Curipod арқылы) ұсынылады.

– «Мен не білемін?», «Нені білгім келеді?» деген сұрақтар қойылады.

– Оқушылар өз ойларын Парковкаға (тақта, стикер, Padlet/Genially) орналастырады.

– Мұғалім оқушылардың жазбаларына сүйене отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

2. Гексагон әдісі

Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлауын, байланыс орнату қабілетін дамыту және жаңа тақырыпты өзара байланысты ұғымдар арқылы ашу.

Қолданылуы (тақырыпты ашу кезеңі):

– Гексагон пішіндеріне тақырыпқа қатысты сөздер, тіркестер, суреттер немесе сұрақтар жазылады (Genially немесе Curipod арқылы интерактивті түрде).

– Оқушылар гексагондарды бір-бірімен байланыстырып, ортақ мағынаны табады.

– Құрастырылған байланыстар арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

3. Genially платформасын қолдану

Мақсаты:сабақты визуалды, интерактивті әрі заманауи форматта ұйымдастырып, оқушының қызығушылығын арттыру.

Қолданылуы (тақырыпты ашу):

– Интерактивті постер, карта, лабиринт немесе quiz түрінде тапсырма беріледі.

– Оқушылар элементтерді басу, таңдау, қозғау арқылы ақпаратты ашады.

– Ашылған ақпараттар сабақ тақырыбына жетелейді.

Нәтиже: Сабаққа ойын элементі енгізіледі, оқушы цифрлық ортада еркін жұмыс істейді.

Мектеп: Шеңгелши негізгі орта мектебі

Пәні: ағылшын тілі

Мұғалім: Ізбасар Жансая Кәдірханқызы

" Мэнэдж мэт", "Суретті сөйлет" әдістерімен және " Diffit” платформасын көрсетті. "Мэнэдж мэт" әдісінің негізгі мақсаты – сыныпты тиімді басқару, оқушыларды белсенді қатыстыру және жауапкершілікке үйрету. Бұл әдіс арқылы мұғалім сабақтағы уақытты үнемдейді, ал оқушы өз іс-әрекетіне өзі жауап береді.

"Суретті сөйлет» әдісінің мақсаты:

  • оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту;
  • ойын еркін жеткізуге үйрету;
  • сурет арқылы қиялын, логикалық ойлауын дамыту;
  • сөздік қорын байыту;
  • диалог құру, пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушыны белсенді қатысушыға айналдыру.

Яғни, бұл әдістің басты мақсаты – оқушыны сөйлету, ойландыру және суретке қарап мағыналы сөйлем мен диалог құрату.

Diffit платформасының негізгі мақсаты – мұғалімнің уақытын үнемдеп, кез келген мәтінді немесе тақырыпты оқушылардың деңгейіне бейімдеп беру.

Diffit – «бір мәтін → бірнеше деңгей → барлығына қолжетімді оқу» принципімен жұмыс істейтін, мұғалімге арналған ЖИ-негізіндегі заманауи платформа.

Мұғалімдерге арналған қозғалмалы ойын:

Ойындардың негізгі мақсаты – қатысушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және жағымды психологиялық ахуал орнату.

1. «Мені есіңе сақта» ойыны: Ойынға екі топ қатысты. Әр топтан бір қатысушы шығып, берілген суретті мұқият қарап есте сақтайды. Белгілі уақыттан кейін сурет алынып тасталып, қатысушы оны екінші қағазға ретімен салып шығуы керек. Ойын барысында қатысушылардың есте сақтау қабілеті мен байқағыштығы бағаланды. Суретті дәл әрі толық салған топ жеңімпаз атанды.

2. «Мақалды тап» ойыны: Бұл ойында екі топтан кезек-кезек бір қатысушыдан шығып отырды. Қатысушыларға суреттер ұсынылды, сол суреттерге сәйкес келетін мақал-мәтелді табу қажет болды. Ойын қатысушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және ұлттық құндылықтарға деген білімін арттыруға бағытталды. Мақалды дұрыс әрі тез тапқан топқа ұпай берілді.

3. «Жаңылысқан әріптер» ойыны: Ойынға екі топтың мүшелері ретімен қатысып отырды. Қатысушыларға әріптері орындары ауысып кеткен сөздер ұсынылды. Олардың міндеті – берілген сөздерді дұрыс ретке келтіріп, мағыналы сөзді табу. Бұл ойын зейін қоюды, жылдам ойлауды және тілдік дағдыларды дамытуға ықпал етті. Қорытынды: Ойындар мұғалімдер тарапынан қызығушылықпен қабылданып, белсенді түрде өтті. Қатысушылар сергіп, жағымды әсер алды. Қозғалмалы ойындар семинардың мазмұнын байытып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.

Шеңгелши негізгі орта мектебі, математика пәні мұғалімі: Ермаханова Бакыт Каскырбаевна Сабақтың қорытынды бөлімінде қолданатын әдістерімен бөлісті.

- Сингапурлық “Авокадо” әдісі - тақырыпты қабат-қабатымен ашып, негізгі өзегіне дейін жетуге бағыттылған оқыту тәсілі.

- Afifiedu com ЖИ құралы - сабақты бекітуге арналған.

- ⁠Интернетсіз ойын - “Қалқан” әдісі

- ⁠Көрнекілік арқылы - “Жемістер себеті”, “Қоржындағы асық”, “ Киндер Сюрприз” әдістері

- ⁠Кері байланысқа “Батарея қуаттаушы” әдісі

Мектеп:Саға ЖББОМ

Пәні:Бастауыш сынып.

Мұғалім:Махмутова Гульнур Ердоскызы

Мен сабақтың басында қолданатын көрнекі және жасанды интеллектпен әдіс-тәсілдер көрсеттім.

"Өзің керегін ал" психологиялық ахуал.

"Тәтті тоқашпен тілек "психологиялық ахуал.

" Кольмар ойыны"әдісі топқа бөліну.

"Сәйкестендіру"жасанды интеллект арқылы жаңаша әдіс үй тапсырмасын сұрауға сай келетін әдіс.

"Қимылды қайтала" психологиялық ахуал интерактивті тақтаның көмегімен қимылды қайталау.

ЖИ робот интерактивті тақта арқылы топқа бөліну.

"Қорап ойыны"жасанды интеллект арқылы үй тапсырмасын сұрау.

"Сурет арқылы мазмұнда" интерактивті тақтадан көрсетілген сурет арқылы үй тапсырмасын сұрау әдісі.

Сабақтың басын ойын (жи) және көрнекі құралдар арқылы ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, зейінін шоғырландыру, танымдық белсенділігін дамыту, алдыңғы білімдерін еске түсіру және жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау болып табылады.

 

Мектеп: Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Пәні: бастауыш сынып

Мұғалімі: Бекжасар Айша Ерболқызы

🔘ЖИ мультфильм – жасанды интеллект технологиялары арқылы сценарийі құрастырылып, кейіпкерлері, көріністері, дыбыстауы автоматты немесе жартылай автоматты түрде жасалатын мультфильм. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, тақырыпты визуалды түрде түсіндіруге және қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

🔘*ЖИ арқылы тақырыпқа байланысты ертегі жазылған кітапша *– оқу бағдарламасына немесе белгілі бір тақырыпқа сәйкес жасанды интеллект көмегімен құрастырылған ертегілер жинағы. Кітапша оқушылардың қиялын дамытуға, мәтінмен жұмыс жасауға, оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

🔘Үстел үсті ойын (6 тапсырмадан тұрады) – білім алушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын және пәндік білімін бекітуге арналған дидактикалық ойын. Ойын құрамында деңгейі әртүрлі 6 тапсырма болады, олар жеке немесе топтық жұмысқа ыңғайланып жасалған.

🔘Вайбкодинг арқылы жасалған “Бәйге” ойын платформасы *– заманауи вайбкодинг тәсілімен әзірленген, ұлттық “Бәйге” ойыны форматындағы цифрлық білім беру платформасы. Платформада сұрақтарға жауап беру арқылы алға жылжу жүзеге асады, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және бәсекелестік орта қалыптастырады.

🔘*Жасырын перде” әдісі *– оқу материалын бірден толық ашпай, кезең-кезеңімен көрсету арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыратын әдіс. Бұл тәсіл тақырыпты ашуда, тапсырмаларды біртіндеп беруде және жеке жұмыс ұйымдастыруда тиімді қолданылады.

🔘Bamboozle платформасы арқылы жеке және топтық жұмыс– Bamboozle онлайн платформасын пайдалану арқылы интерактивті тапсырмалар орындау. Бұл әдіс оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмысын ұйымдастырып, белсенді қатысуына және жылдам ойлауына ықпал етеді.

🔘3D карточка жасау – оқу материалының мазмұнын үш өлшемді форматта ұсыну арқылы визуалды есте сақтауды жақсартуға арналған әдіс. 3D карточкалар оқушылардың қызығушылығын арттырып, күрделі ұғымдарды жеңіл әрі көрнекі түрде меңгеруге көмектеседі.

Мектеп атауы: Қожасай НОМ

ФИО:Ганиева Аксырга Габитовна

Пәні:Көркем еңбек пәні мұғалімі

Тақырыбы:”Жасанды интеллект негізінде білімді бекіту және талдау”

Қолданылған платформа: Childdevelop,Gynzy платформасын көрсетті.

Childdevelop — бұл нақты балалар дамуы мен білім беруіне арналған онлайн-ресурс болып табылады, ол мұғалімдерге түрлі тапсырмалар, жаттығулар, сабақтар мен материалдар ұсынылады. Сайт баланың жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылық, ойлау қабілеті, моторика, тілдік дағдылар сияқты маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі.

📌 Childdevelop платформасының негізгі мақсаты

Баланың дамуын қолдау: әртүрлі жас топтар үшін логикалық, математикалық, тілдік және шығармашылық тапсырмалар ұсынып, баланың жалпы дамуына ықпал ету.

Дағдыларды дамыту: оқу, жазу, оқу тілдерін дамыту, логикалық ойлау және басқа интеллектуалды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған мазмұндарды ұсыну.

📌 Платформа қалай жұмыс істейді

✔️ Тақырыптық материалдар: әртүрлі пәндер бойынша (математика, тіл, логика, өнер) тапсырмалар, жаттығулар мен ойындар бар.

✔️ Жасқа қарай бөліну: материалдар баланың жасына қарай (мысалы, бастауыш мектеп, мектепке дайындық) ұйымдастырылған.

✔️ Прак-тикалық қолдану: кейбір тапсырмалар қағазға басып шығарып, үйде орындауға болады, бұл моторика мен визуалдық қабылдау дағдыларын жетілдіреді.

Gynzy платформасы — оқыту мен сабақ өткізу үшін арнайы жасалған веб-негіздегі білім беру платформасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы интерактивті өзара әрекетті нығайтуға бағытталған.

🎯 Gynzy платформасының мақсаты

Gynzy-ның негізгі мақсаты мыналар:

✅ Мұғалімдердің жұмысын жеңілдету: сабақ жоспарларын, интерактивті жаттығулар мен құралдарды жылдам әрі тиімді түрде құруға көмектесу.

✅ Сыныптағы өзара әрекетті арттыру: оқушыларды сабаққа белсенді түрде тартатын интерактивті тақта, викториналар мен ойындар арқылы білім алуды қызықты ету.

✅ Сабақ сапасын көтеру: дайын сабақтар мен материалдар кітапханасы, ресурстарды бөлісу мүмкіндігі оқыту процесін жандандырады.

✅ Уақыт үнемдеу: мұғалімдер дайын құралдар мен шаблондарды пайдалана отырып, дайын материалдарды жылдам қолдана алады

Қорытынды: Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жаңа білім алып, өз тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын түсінді. Мұғалімдерге жасанды интеллектті білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Осы семинар арқылы мұғалімдер ХХІ ғасырдың цифрлық дәуіріне сай икемделіп, білім беру үдерісіне инновация енгізуге қадам жасайды. талған шараға аудан көлеміндегі педагогтер қатысты. Семинар барысында қатысушылар теориялық білімді практикалық әрекетке айналдырып, практикалық тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті.   Шара соңында Жаңажол ЖББОМ директоры Ж.Т. Курантаева семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, семинар соңында тәжірибесімен бөліскен педагогтар аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.

 

Орындаған: Жоламанова У.А./қббп/

   

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»