Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Тілдер цифрлық дәуірде» атты тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық аясында 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың рухани көсемі» тақырыбында тілдік – лото ойыны өткізілді.
Іс – шараның негеізгі мақсаты-ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығаршылық мұрасын оқушыларға кеңінен таныстыру,ағартушының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеу,оқушылардың тарихи – танымдық білімін арттыру және ана тіліне деген құрметін қалыптастыру.Ойын барысында арнайы дайындалған лото алаңындағы сандар арқылы оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі,қоғамдық – ағартушылық қызметі,ғылыми еңбектері,шығармалары мен тіл білімі саласындағы жаңашылдықтары туралы түрлі сұрақтары қойылды.Лото алаңынан белгілі бір сан таңдалған сайын,сол санға сәйкес сұраққа оқушылар белсенді түрде жауап беріп,өз білімдерін ортаға салды.
Танымдық ойын оқушылардың қызығушылығын арттырып,жарыс пен ойын элементтері арқылы білімді еркін әрі қызықты түрде меңгеруіне мүмкіндік берді.Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері жазылған арнайы ашық хаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Іс – шара барысында оқушылар ұлт ұстазының тағылымды ойларымен танысып қана қоймай,оның қазақ халқының рухани – мәдени өміріндегі айрықша орнын тереңірек түсінді.Ойын оқушылардың дәріптеуге,тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын құрметтеуге ықпал етті.
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың рухани көсемі» атты тілдік – лото ойыны мазмұнды әрі қызықты өтіп,тіл мерекесіне арналған апталықтың танымдық бағыттағы маңызды іс – шараларының бірі болды.
https://www.instagram.com/reel/DdBXxs5t-CJ/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==




