⚜Батыр Бауыржан – ерлік пен парасат иесі⚜
Жаңажол ЖББОМ мектеп кітапханашысының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 6-сынып оқушыларына Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Батыр Бауыржан – ерлік пен парасат иесі» атты танымдық сағат өткізілді.
Тәрбиелік шара интеллектуалдық ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушылар батырдың өмір жолы, ерлікке толы тағдыры және ұлағатты сөздерімен танысты. Әр топ батыр тұлғасын тереңірек тану мақсатында постерлер дайындап, өз жұмыстарын қорғап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында оқушылар елін сүйген ердің бейнесін жүрекпен сезініп, оның батылдығы мен парасаттылығын үлгі тұтты. Танымдық сағат жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, әсерлі ойларымен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DU7lT0SDf9W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова, З.С.Кубаева / мектеп кітапханашылары/




