«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Кітапхана
Оқу мәдениетін насихаттау бойынша медиа-жоспар аясында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Кітап оқуға шақырамын» тақырыбында челендж ұйымдастырылды.
Мақсаты:Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру;
Ой-өрісті кеңейтіп,білімді толықтыру;
Жаңа идеялар мен пайдалы ақпарат алу;
Бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу;
Кітап оқитын орта қалыптастырып,бір – бірімізге мотивация беру.
Челенджге 7 – сынып оқушылары белсене қатысып,өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті.Аталған іс-шара оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға,оқу мәдениетін қалыптастыруға және кітапты насихаттауға бағытталды.Жұмыстар барысында білім алушылардың шығармашылық белсенділігі артып,кітап оқудың адам өміріндегі маңызы кеңінен насихаттау.https://www.instagram.com/reel/DdVUV3WMx1o/?stkn=MTZ4cWxneDhseDhpYw==
.
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Кітапхана
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Тілдер цифрлық дәуірде» атты тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық аясында 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың рухани көсемі» тақырыбында тілдік – лото ойыны өткізілді.
Іс – шараның негеізгі мақсаты-ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығаршылық мұрасын оқушыларға кеңінен таныстыру,ағартушының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеу,оқушылардың тарихи – танымдық білімін арттыру және ана тіліне деген құрметін қалыптастыру.Ойын барысында арнайы дайындалған лото алаңындағы сандар арқылы оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі,қоғамдық – ағартушылық қызметі,ғылыми еңбектері,шығармалары мен тіл білімі саласындағы жаңашылдықтары туралы түрлі сұрақтары қойылды.Лото алаңынан белгілі бір сан таңдалған сайын,сол санға сәйкес сұраққа оқушылар белсенді түрде жауап беріп,өз білімдерін ортаға салды.
Танымдық ойын оқушылардың қызығушылығын арттырып,жарыс пен ойын элементтері арқылы білімді еркін әрі қызықты түрде меңгеруіне мүмкіндік берді.Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері жазылған арнайы ашық хаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Іс – шара барысында оқушылар ұлт ұстазының тағылымды ойларымен танысып қана қоймай,оның қазақ халқының рухани – мәдени өміріндегі айрықша орнын тереңірек түсінді.Ойын оқушылардың дәріптеуге,тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын құрметтеуге ықпал етті.
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың рухани көсемі» атты тілдік – лото ойыны мазмұнды әрі қызықты өтіп,тіл мерекесіне арналған апталықтың танымдық бағыттағы маңызды іс – шараларының бірі болды.
https://www.instagram.com/reel/DdBXxs5t-CJ/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Кітапхана
⚜Батыр Бауыржан – ерлік пен парасат иесі⚜
Жаңажол ЖББОМ мектеп кітапханашысының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 6-сынып оқушыларына Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Батыр Бауыржан – ерлік пен парасат иесі» атты танымдық сағат өткізілді.
Тәрбиелік шара интеллектуалдық ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушылар батырдың өмір жолы, ерлікке толы тағдыры және ұлағатты сөздерімен танысты. Әр топ батыр тұлғасын тереңірек тану мақсатында постерлер дайындап, өз жұмыстарын қорғап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында оқушылар елін сүйген ердің бейнесін жүрекпен сезініп, оның батылдығы мен парасаттылығын үлгі тұтты. Танымдық сағат жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, әсерлі ойларымен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DU7lT0SDf9W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова, З.С.Кубаева / мектеп кітапханашылары/
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Кітапхана
⚜ҮЗІЛІС СӘТІН КІТАП ОҚУМЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАН⚜
Жаңажол ЖББОМ-де оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуіне ерекше көңіл бөлініп, осы бағытта танымдық іс-шара өткізілді.
Үзіліс кезінде кітап оқуды насихаттау арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту мақсат етілді.
Кітап — рухани байлықтың қайнар көзі. Әрбір үзілісті тиімді пайдаланып, кітаппен дос болуға шақырамыз!
Оқы, ойлан, дамы!
https://www.instagram.com/reel/DW0Pt7oDHVp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова/ мектеп кітапханашысы/
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»









