⚜ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ⚜
Жаңажол ЖББОМ-де «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2–10 сынып оқушылары арасында «Жыл оқырманы» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және үздік оқырмандарды анықтау.
Байқау екі кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде жыл бойы ең көп кітап оқыған оқушылар анықталды. Бұл кезең бойынша әр сынып өздерінің үздік оқырмандарын ұсынды. Нәтижесінде 13 кітап оқыған Марат Батыр «Жыл оқырманы» атағына ие болса, 5 кітап оқыған Талғат Перизат кітап оқуға деген құштарлығы үшін марапатталды.
Екінші кезеңде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сахналық қойылымдар көрсетілді. Осы кезең аясында түрлі номинациялар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Ең үздік ертегі кейіпкері», орта буын сыныптар арасында «Ең үздік шығарма кейіпкері» ал жоғары сынып оқушылары “Ең үздік тұлға” номинациялары бойынша бақ сынасты.
Байқау оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық белсенділіктерін дамытуға зор ықпал етті. Байқау нәтижесінде үздіктер анықталып,ақшалай сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.
https://www.instagram.com/reel/DUmqgjYDF2o/?igsh=cGxraHE3b3NkbXZn
Жауапты: А.Қ.Әбілқасымова




