⚜️ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ!⚜️
Әр тоқсан сайын мектепте сыныптарды тазалау жұмыстары жоспарлы түрде және жүйелі ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар мектептің санитарлық-гигиеналық талаптарын сақтау, оқу кабинеттерінің эстетикалық келбетін жақсарту, сондай-ақ оқушыларды еңбекке баулу және жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
Тазалау жұмыстары барысында әр сыныпта парта мен орындықтар ретке келтіріліп, олардың үсті шаңнан тазартылады, тақта, терезе әйнектері мен терезе алды, шкафтар мен көрнекі құралдар сүртіледі. Еден жуылып, жиналған қоқыстар арнайы қаптарға салынып, белгіленген орындарға шығарылады. Сонымен қатар, сынып бөлмесіндегі гүлдер мен жасыл өсімдіктерге күтім жасалып, оқу ортасының жайлылығы мен тазалығы қамтамасыз етіледі.
Аталған жұмыстар сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен және бақылауымен өткізіледі. Оқушылар тазалау кезінде қауіпсіздік техникасы мен еңбек ережелерін сақтай отырып, топ-топқа бөлініп жұмыс атқарады. Әр оқушы өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындап, ұжымдық еңбектің маңызын түсінеді.
Бұл тазалық шаралары оқушылардың қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін арттырып, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Сонымен қатар, таза әрі жинақы сыныпта оқу сапасының да арта түсетіні байқалады. Осындай жүйелі түрде өткізілетін тазалау жұмыстары оқушылардың тәртіпке, еңбекқорлыққа және тазалық мәдениетіне дағдылануына оң әсерін тигізеді.
https://www.instagram.com/p/DQI5CggjFfU/?hl=ru




