⚜️МЕКТЕПІШІЛІК ЭКСКУРСИЯ⚜️
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Ақтілек» ата-аналар клубының мүшелеріне арналған мектепішілік экскурсия ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды мектептің материалдық-техникалық базасымен, оқу үдерісімен және білім беру ортасымен таныстыру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Экскурсия барысында ата-аналар оқу кабинеттерін, пәндік зертханаларды, кітапхана, спорт зал, асхана және қосымша білім беру кабинеттерін аралап көрді. Әрбір кабинетте жауапты мұғалімдер оқу құрал-жабдықтары мен заманауи технологиялардың қолданылуы туралы ақпарат беріп, оқушылардың жетістіктері жөнінде, мектеп газетімен, “Туған жерге тағзым” акциясы аясында жасалған жұмыстармен таныстырылым жасады.
Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар, қауіпсіздік шаралары және тәрбиелік іс-шаралар туралы кеңінен мәлімет ұсынды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, мұндай ашық форматтағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Бұл экскурсия – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара сенім мен серіктестікті арттыруға бағытталған игі бастамалардың бірі болды.
Жауапты: Д.Каужимова \клуб жетекшісі\, Г.Бидағұлова /тәлімгер/
https://www.instagram.com/p/DU0dmdODYfM/




