*Ата-аналарға арналған кеңес*
Тақырыбы: «Баланың топқа бейімделуі»
Мақсаты: Баланың топқа бейімделуіне қолдау көрсету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
топқа бейімделу – бала өміріндегі маңызды кезең. Жаңа ортаға үйрену барысында балада қобалжу, жылау, ата-анасынан ажырағысы келмеу сияқты жағдайлар кездесуі мүмкін. Бұл – бейімделу кезеңінде байқалатын қалыпты құбылыстар.
Ата-аналарға ұсыныстар:
-
- Үйдегі күн тәртібін балабақша тәртібіне жақындатыңыз.
- Баламен балабақша туралы жағымды әңгімелесіңіз.
- Баланы өздігінен киінуге, тамақтануға және жеке гигиенаны сақтауға үйретіңіз.
- Баламен қоштасқанда сабырлы әрі мейірімді болыңыз.
- Баланың жетістіктерін мадақтап, қолдау көрсетіңіз.
- Тәрбиешімен үнемі байланыста болыңыз
Қорытынды: Баланың балабақшаға бейімделуі ата-ана мен тәрбиешінің бірлескен жұмысына байланысты. Әр балаға түсіністікпен қарап, мейірімділік пен қолдау көрсету маңызды.
Күтілетін нәтиже: Баланың жаңа ортаға біртіндеп үйренуіне жағдай жасалып, ата-аналардың бейімделу кезеңі туралы түсінігі артады.






