Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ-МЕНІҢ НӘТИЖЕМ» СПОРТТЫҚ ШАРА

         2026 жылғы Еңбек күні мерекесіне орай, Ақтөбе облыстық білім басқармасының 15.09.2026 жылғы №01-00/2238 шығыс хаты негізінде Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 7–8 сынып оқушылары арасында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында спорттық шара өткізілді.

         Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, олардың шапшаңдығын, төзімділігін, ептілігін арттыру, командада бірлесе әрекет ету дағдыларын дамыту болды. Спорттық сайыс қызықты әрі тартысты кезеңдерден құрылды. Атап айтқанда, қатысушылар «Шеңбердегі шапшаңдық», «Шеңбердегі жүйріктер», «Кедергіге төтеп бер», «Бірлік – жеңіс кепілі», «Бірлікпен алға», «Әр тамшы маңызды» ойындары бойынша өзара сынға түсті.

         Әр кезеңде оқушылар өздерінің жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін және ұйымшылдығын көрсете білді. Командалық тапсырмалар барысында бір-біріне қолдау көрсету, ортақ мақсатқа жұмыла әрекет ету, жауапкершілік пен өзара түсіністік танытуға ерекше мән берілді. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.

         Шара қорытындысы бойынша І орынды 7-сынып оқушылары, ІІ орынды 8 «А» сынып оқушылары, ІІІ орынды 8 «Ә» сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жетістіктері атап өтіліп, олардың белсенділігі мен командалық бірлігі жоғары бағаланды.

         Іс-шара өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»